"Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 112-1773 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қарашада № 855 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 112-1701 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 30.09.2015 № 112-1701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Басқарма басшысы осы қаулыны, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялап, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 21 қазандағы  
№ 112-1773 қаулысына   
қосымша           

«Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. «Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында туризм, дене тәрбиесі және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы және штат саны лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      9. Басқарманың мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: туризм, бұқаралық дене тәрбиесі және спорттың тиімді дамуына қолайлы жағдайлар қалыптастыру, сондай-ақ осы салада жоғары нәтижелерге жету болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) туризм, дене тәрбиесі және спорт саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      2) қоғам дамуының өзгеру жағдайларына сәйкес Астана қаласы туризм, дене тәрбиесі және спорт жүйесінің тиімді қызмет етуін және оны әлеуметтік-экономикалық қорғауды қамтамасыз ету;
      3) кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыздық пен панасыздықтың, құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы іс-әрекетті үйлестіруді қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;
      5) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыруға ықпал жасау;
      6) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жылжыту кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтауға ықпал жасау;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді іске асыру.
      16. Функциялары:
      1) дене тәрбиесі және спортты дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және iске асыру;
      2) спорттың әр түрлері бойынша қалалық жарыстар өткізу;
      3) спорттың әр түрлері бойынша қалалық құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарда қатысуы бойынша дайындықты қамтамасыз ету;
      4) Астана қаласының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдау;
      5) қалалық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiру;
      6) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсету;
      7) спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру;
      8) қалалық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлеу, бекiту және iске асыру;
      9) Астана қаласының аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
      10) Астана қаласының аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiру;
      11) Астана қаласы бойынша дене тәрбиесі және спортты дамыту туралы мәліметтерді талдап, дене тәрбиесі және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс ету;
      12) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      13) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      14) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіру;
      15) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру;
      16) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келісу;
      17) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асыру;
      18) Басқарма құзырындағы мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты уәкілетті органның функциясын жүзеге асыру;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт саласында шарттар мен келісімдер жасау;
      20) туризм, дене тәрбиесі және спорт саласындағы кадрлық саясатты және туризм, дене тәрбиесі және спортты дамытудың өңірлік бағдарламасын жүргізу;
      21) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, аумақты дамыту бағдарламасы бөлімдерінің негізінде Астана қаласында туризм, дене тәрбиесі мен спортты дамыту бойынша стратегиялық құжаттарды әзірлеу, сондай-ақ оларға мониторингтің жүргізілуін қамтамасыз ету;
      22) конференциялар, семинарлар ұйымдастыру, туризм, дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша жұмыс тәжірибелерімен алмасу;
      23) Астана қаласының аумағында туризм қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
      24) Астана қаласының аумағында туристік операторлық қызметті лицензиялау;
      25) гидтің (гид-аудармашының) кәсіптік дайындығын ұйымдастыру;
      26) Астана қаласының аумағында туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралардың жоспарын уәкілетті органның келісімі бойынша бекіту;
      27) Астана қаласының аумағында туристік қызметті іске асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      28) Астана қаласының аумағында туристік бағдар мен жолдың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      29) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
      30) жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшісі функциясын атқару;
      31) дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін қажетті материалдық-техникалық базаны игеру және дамыту;
      32) туризм, дене тәрбиесі және спорт саласындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас пен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
      33) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
      34) мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
      35) ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекітілген мерзімде қарау, келісу және бекіту;
      36) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардағы мүліктің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      37) коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе меншікті шаруашылық қызметінің нәтижесінде олармен иеленген, коммуналдық мүлікті алып қоюға немесе мүлікті қайта бөлу бойынша өкілетті органға келісім беру;
      38) Басқарма мәселелеріне қатысты Астана қаласының әкімі (бұдан әрі – әкім) мен әкімдігінің актілер жобаларын әзірлеу;
      39) жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін басқа да өкілеттікті жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін жүзеге асыру.
      17. Құқықтар мен міндеттері:
      1) жоғары тұрған органдарға белгіленген тәртіппен Астана қаласы аумағында туризмді, дене тәрбиесін және спортты дамыту мәселелері бойынша жобалар әзірлеуге және енгізуге;
      2) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
      3) туризм, дене тәрбиесі және спорт саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтері бойынша мониторингті жүзеге асыруға;
      4) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
      5) қала аумағында Қазақстан Республикасының туризм, дене тәрбиесі және спорт саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келетін жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінің, қаланың мекемелері мен қызметтерінің нормативтік және әдістемелік құжаттарының күшін жоюын ұсынуға;
      6) Басқарма құзырындағы мемлекеттік ұйымдардың құрылымын және шекті штат санын анықтауға;
      7) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 26.03.2015 № 112-400 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқарма басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарма басшысын әкім қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:
      1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың бөлімдері басшыларының міндеттерін белгілейді және жауапкершілік деңгейін бекітеді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
      3) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
      4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері мен Басқарманың жүргізуіндегі ұйымдары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
      5) Басқарма құзыретіне жататын сұрақтар бойынша құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды әзірлеуді бақылайды;
      6) Басқарманың бөлімдері туралы ережені бекітеді;
      7) Басқармаға ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындайды және жұмыстан босатады, көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек тәртібін қолдау жөнінде басқа да ықпал ету шараларын қолданады;
      8) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
      10) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы Ережеге қосымшаға сәйкес Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі.

«Астана қаласының Туризм,
дене тәрбиесі және спорт 
басқармасы» мемлекеттік 
мекемесі туралы ережеге 
қосымша           

«Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің тізбесі

      1. «Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      2. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «№ 2 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      3. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «№ 3 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      4. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Олимпиада резервінің мамандандырылған № 4 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      5. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «№ 5 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      6. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «№ 6 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      7. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «№ 7 Олимпиадалық резервінің балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      8. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «№ 8 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      9. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «№ 9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      10. Астана қаласы әкімдігінің «№ 10 балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      11. Астана қаласы әкімдігінің «Астана» спорттың ойын түрлері клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      12. Астана қаласы әкімдігінің «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      13. Астана қаласы әкімдігінің «Астана» көкпар клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      14. «Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Астана» су добынан спорттық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      15. Астана қаласы әкімдігінің «Астана батыры» жекпе-жек күрес клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      16. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Қайсар» спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      17. Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      18. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Достық» спорткомбинаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      19. Астана қаласы әкімдігінің «Дәулет» спорткомбинаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      20. Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      21. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Х.С. Омаров атындағы шахмат клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      22. Астана қаласы әкімдігінің «Алау» мұзайдыны сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      23. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      24. «Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      25. «Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан» спорт сарайы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      26. «Туристік ақпарат орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Об утверждении Положения о Государственном учреждении "Управление туризма, физической культуры и спорта города Астаны"

Постановление акимата города Астаны от 21 октября 2014 года № 112-1773. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 28 ноября 2014 года № 855. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 30 сентября 2015 года № 112-1701

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 30.09.2015 № 112-1701 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе», от 3 июля 2014 года «О физической культуре и спорте» акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о Государственном учреждении «Управление туризма, физической культуры и спорта города Астаны» (далее – Управление) согласно приложению.
      2. Руководителю Управления произвести государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции с последующим опубликованием в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата города Астаны.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Балаеву А.Г.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Аким                                       И. Тасмагамбетов

Приложение             
к постановлению акимата     
города Астаны           
от 21 октября 2014 года № 112-1773

Положение
о Государственном учреждении
«Управление туризма, физической культуры и спорта
города Астаны»

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение «Управление туризма, физической культуры и спорта города Астаны» (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере туризма, физической культуры и спорта на территории города Астаны.
      2. Управление не имеет ведомств.
      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, счета в органах казначейства.
      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      9. Местонахождение Управления: Республика Казахстан, 010000, город Астана, район «Сарыарка», улица Бейбітшілік, № 11.
      10. Полное наименование государственного органа: Государственное учреждение «Управление туризма, физической культуры и спорта города Астаны».
      11. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.
      12. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета.
      13. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.
      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции,
права и обязанности Управления

      14. Миссия Управления: создание благоприятных условий для эффективного развития туризма, массовой физической культуры и спорта, а также достижение в этой области высших результатов.
      15. Задачи:
      1) осуществление единой государственной политики в области туризма, физической культуры и спорта;
      2) обеспечение эффективного функционирования системы туризма, физической культуры и спорта города Астаны и ее социально-экономическая защита в соответствии с изменяющимися условиями развития общества;
      3) обеспечение координации деятельности в сфере профилактики правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних и антиобщественных действий;
      4) соблюдение норм антикоррупционного законодательства Республики Казахстан;
      5) способствование реализации гендерной и семейно-демографической политики;
      6) способствование соблюдению норм гендерного баланса при принятии на работу и продвижении сотрудников;
      7) иные задачи в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      16. Функции:
      1) разработка и реализация региональных программ развития физической культуры и спорта;
      2) проведение городских соревнований по различным видам спорта;
      3) обеспечение подготовки городских сборных команд по различным видам спорта и их выступления на республиканских и международных спортивных соревнованиях;
      4) поддержка развития массового спорта и национальных видов спорта на территории города Астаны;
      5) координация деятельности городских специализированных учебно-спортивных заведений;
      6) оказание методической и консультативной помощи спортивным организациям;
      7) присвоение спортивных разрядов и категорий: кандидат в мастера спорта первый спортивный разряд, тренер высшего и среднего уровня квалификации первой категории, инструктор-спортсмен высшего уровня квалификации первой категории, методист высшего и среднего уровня квалификации первой категории, судья по спорту первой категории;
      8) разработка, утверждение и реализация календарного плана городских спортивно-массовых мероприятий;
      9) координация деятельности спортивных организаций на территории города Астаны;
      10) координация организации и проведение спортивных мероприятий на территории города Астаны;
      11) анализ и представление уполномоченному органу по физической культуре и спорту сведений по развитию физической культуры и спорта в городе Астане;
      12) организация медицинского обеспечения официальных физкультурных и спортивных мероприятий;
      13) обеспечение общественного порядка и общественной безопасности при проведении физкультурных и спортивных мероприятий;
      14) координация использования физкультурно-оздоровительных и спортивных сооружений;
      15) присвоение статусов «специализированная» спортивным школам, «специализированное» отделениям спортивных школ;
      16) согласование с республиканскими аккредитованными спортивными федерациями технической спецификации и технического задания на проектирование спортивных сооружений, предназначенных для проведения соревнований международного и республиканского уровня;
      17) осуществление аккредитации местных спортивных федераций;
      18) осуществление функций уполномоченного органа в отношении государственных юридических лиц, находящихся в ведении Управления;
      19) заключение в установленном законодательством Республики Казахстан порядке договоров и соглашений в сфере туризма, физической культуры и спорта города Астаны;
      20) проведение кадровой политики в области туризма, физической культуры и спорта и региональной программы развития туризма, физической культуры и спорта;
      21) разработка стратегических документов по развитию туризма, физической культуры и спорта в городе Астане на основе стратегических и программных документов Республики Казахстан, разделов программы развития территорий, а также обеспечение проведения их мониторинга;
      22) организация конференций, семинаров, обмен опытом работы по вопросам туризма, физической культуры и спорта;
      23) реализация государственной политики и осуществление координации в области туристской деятельности на территории города Астаны;
      24) лицензирование туристской операторской деятельности на территории города Астаны;
      25) организация профессиональной подготовки гида (гида - переводчика);
      26) утверждение по согласованию с уполномоченным органом плана мероприятий по развитию туристкой отрасли на территории города Астаны;
      27) ведение государственного реестра лиц, осуществляющих туристскую деятельность на территории города Астаны;
      28) ведение государственного реестра туристских маршрутов и троп на территории города Астаны;
      29) оказание субъектам туристской деятельности методической и консультативной помощи в вопросах, связанных с организацией туристской деятельности;
      30) исполнение функций администратора местных бюджетных программ;
      31) создание и укрепление материально-технической базы для занятий физической культурой и спортом;
      32) организация взаимодействия и сотрудничество с международными организациями по вопросам в области туризма, физической культуры и спорта;
      33) осуществление реализации государственной политики по управлению государственным имуществом в подведомственных учреждениях и предприятиях;
      34) участие в разработке нормативных правовых актов в сфере управления государственным имуществом;
      35) рассмотрение, согласование и утверждение в установленные сроки планов финансово-хозяйственной деятельности подведомственных предприятий и отчеты по их исполнению;
      36) осуществление контроля за сохранностью имущества подведомственных учреждений и предприятий;
      37) дача согласия уполномоченному органу по коммунальному имуществу на изъятие или перераспределение имущества, переданного коммунальному юридическому лицу или приобретенного им в результате собственной хозяйственной деятельности;
      38) разработка проектов актов акима города Астаны (далее – аким) и акимата города Астаны, касающихся вопросов Управления;
      39) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемые на местный исполнительный орган законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 16 с изменением, внесенным постановлением акимата города Астаны от 26.03.2015 № 112-400 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).
      17. Права и обязанности:
      1) разрабатывать и вносить в установленном порядке проекты нормативных правовых актов по вопросам развития туризма, физической культуры и спорта в городе Астане в вышестоящие органы;
      2) запрашивать и получать информацию по вопросам своей компетенции от государственных органов, иных организаций и должностных лиц;
      3) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке осуществлять мониторинг деятельности предприятий и организаций на соответствие требованиям законодательства Республики Казахстан в области туризма, физической культуры и спорта;
      4) быть истцом и ответчиком в суде;
      5) предлагать отмену на территории города решений местного исполнительного органа, нормативных и методических документов учреждений и служб города, входящих в противоречие с законодательством Республики Казахстан в сфере туризма, физической культуры и спорта;
      6) утверждать структуру и предельную штатную численность в государственных организациях, находящихся в ведении Управления;
      7) составлять протоколы об административных правонарушениях в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года «Об административных правонарушениях».
      Сноска. Пункт 17 с изменением, внесенным постановлением акимата города Астаны от 26.03.2015 № 112-400 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

3. Организация деятельности Управления

      18. Руководство Управлением осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций.
      19. Руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности распоряжением акима в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      20. Руководитель Управления имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия руководителя Управления:
      1) определяет обязанности и устанавливает степень ответственности своего заместителя и руководителей отделов Управления;
      2) назначает на должность и освобождает от должности сотрудников Управления в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      3) поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников Управления;
      4) в пределах своей компетенции издает приказы, инструкции, обязательные для исполнения работниками Управления, организациями, находящимися в ведении Управления;
      5) контролирует разработку правовых актов и других документов по вопросам, входящим в компетенцию Управления;
      6) утверждает положение об отделах Управления;
      7) назначает и освобождает руководителей организаций, находящихся в ведении Управления, поощряет и налагает взыскания, принимает иные меры воздействия по поддержанию трудовой дисциплины в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      8) противодействует коррупции в Управлении с установлением за это персональной ответственности;
      9) в пределах своей компетенции представляет интересы Управления в государственных органах и организациях в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      10) принимает решения по другим вопросам, отнесенным к его компетенции.
      Исполнение полномочий руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Руководитель Управления определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество Управления

      23. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности.
      25. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      26. Реорганизация и упразднение Управления осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Перечень государственных юридических лиц, находящихся в ведении Управления, согласно приложению к настоящему Положению.

Приложение               
к Положению о Государственном учреждении
«Управление туризма, физической   
культуры и спорта города Астаны»   

Перечень
государственных предприятий и учреждений,
находящихся в ведении Государственного учреждения
«Управление туризма, физической культуры и спорта
города Астаны»

      1. Государственное коммунальное казенное предприятие «Специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва № 1» Государственного учреждения «Управление туризма, физической культуры и спорта города Астаны».
      2. Государственное коммунальное казенное предприятие «Детско- юношеская спортивная школа № 2» Управления туризма, физической культуры и спорта города Астаны.
      3. Государственное коммунальное казенное предприятие «Детско-юношеская спортивная школа № 3» Управления туризма, физической культуры и спорта города Астаны.
      4. Государственное коммунальное казенное предприятие «Специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва № 4» Управления туризма, физической культуры и спорта города Астаны.
      5. Государственное коммунальное казенное предприятие «Специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва № 5» Управления туризма, физической культуры и спорта города Астаны.
      6. Государственное коммунальное казенное предприятие «Специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва № 6» Управления туризма, физической культуры и спорта города Астаны.
      7. Государственное коммунальное казенное предприятие «Специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва № 7» Управления туризма, физической культуры и спорта города Астаны.
      8. Государственное коммунальное казенное предприятие «Специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва № 8» Управления туризма, физической культуры и спорта города Астаны.
      9. Государственное коммунальное казенное предприятие «Детско-юношеская спортивная школа № 9» Управления туризма, физической культуры и спорта города Астаны.
      10. Государственное коммунальное казенное предприятие «Специализированная детско-юношеская спортивная школа № 10 по хоккею с шайбой» акимата города Астана.
      11. Государственное коммунальное казенное предприятие «Клуб игровых видов спорта «Астана» акимата города Астаны.
      12. Государственное коммунальное казенное предприятие «Школа высшего спортивного мастерства «Толағай» акимата города Астаны.
      13. Государственное коммунальное казенное предприятие «Клуб көкпар «Астана» акимата города Астаны.
      14. Государственное коммунальное казенное предприятие «Спортивный клуб водного поло «Астана» Государственного учреждения «Управление туризма, физической культуры и спорта города Астаны».
      15. Государственное коммунальное казенное предприятие «Клуб единоборств «Астана батыры» акимата города Астаны.
      16. Государственное коммунальное казенное предприятие «Спортивный клуб «Кайсар» Управления туризма, физической культуры и спорта города Астаны.
      17. Государственное коммунальное казенное предприятие «Спортивный клуб «Жигер» акимата города Астаны.
      18. Государственное коммунальное казенное предприятие «Спорткомбинат Достык» Управления туризма, физической культуры и спорта города Астаны.
      19. Государственное коммунальное казенное предприятие «Спорткомбинат «Даулет» акимата города Астаны».
      20. Государственное коммунальное казенное предприятие «Дирекция по проведению спортивно-массовых мероприятий» акимата города Астаны».
      21. Государственное коммунальное казенное предприятие «Шахматный клуб имени Х.С. Омарова» Управления туризма, физической культуры и спорта города Астаны.
      22. Государственное коммунальное казенное предприятие «Ледовый дворец «Алау» акимата города Астаны.
      23. Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр подготовки олимпийского резерва» Управления туризма, физической культуры и спорта города Астаны.
      24. Государственное коммунальное казенное предприятие «Специализированная школа высшего спортивного мастерства» Государственного учреждения «Управление туризма, физической культуры и спорта города Астаны».
      25. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Дворец спорта «Қазақстан» Управление туризма, физической культуры и спорта города Астаны.
      26. Товарищество с ограниченной ответственностью «Туристский информационный центр».