"Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 112-1773 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 112-400 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 24 сәуірде № 899 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 112-1773 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 қарашада № 855 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 140 (3197) "Астана ақшамы"; 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 139 (3215) "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      орыс тіліндегі мәтінде:

      16-тармақтың 26) тармақшасындағы "отралси" деген сөз "отрасли" деген сөзбен ауыстырылсын;

      қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      17-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға.".

      2. "Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Ә. Жақсыбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады