Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қазандағы "Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 28 қарашада № 855 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 139 "Вечерняя Астана" және 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 140 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) № 112-1773 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Маржикпаев Берік Борамбайұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Астана қаласының әкімі | Ә. Жақсыбеков |
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 112-1701 қаулысымен
бекітілген қосымша
"Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Астана қаласының аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс: 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, № 33.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Басқарманың миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
15. Міндеттері:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.
16. Функциялары:
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық спорт жарыстарын өткізеді;
3) спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;
4) Астана қаласының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
5) Астана қаласының аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
8) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;
9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
10) Астана қаласының аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
11) Астана қаласының аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
13) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
14) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
15) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
16) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
17) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
18) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
19) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
20) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;
21) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) жоғары тұрған органдарға белгіленген тәртіпте Астана қаласының аумағында дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері жобаларын әзірлеу және енгізу;
2) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ақпарат сұрау және алу;
3) сотта талапкер және жауапкер болу;
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. Басқарма басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. Басқарма басшысының өкілеттігі:
1) өзінің орынбасары мен Басқарма бөлім басшыларының міндеттерін белгілейді және жауапкершілік деңгейін бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері мен Басқарманың қарамағындағы ұйымдары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
5) Басқарма қарамағындағы ұйымдардың басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады, көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
7) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басқарма басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
4. Басқарманың мүлкі
23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік
кәсіпорындардың және мекемелердің тізбесі
1. Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
2. Астана қаласы әкімдігінің "№ 2 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
3. Астана қаласы әкімдігінің "Олимпиада резервінің № 3 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
4. Астана қаласы әкімдігінің "Олимпиада резервінің № 4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
5. Астана қаласы әкімдігінің "Олимпиада резервінің № 5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
6. Астана қаласы әкімдігінің "Олимпиада резервінің № 6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
7. Астана қаласы әкімдігінің "Олимпиада резервінің № 7 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
8. Астана қаласы әкімдігінің "Олимпиада резервінің № 8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
9. Астана қаласы әкімдігінің "№ 9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорны.
10. Астана қаласы әкімдігінің "№ 10 Балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
11. Астана қаласы әкімдігінің "Астана" спорттың ойын түрлері клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
12. Астана қаласы әкімдігінің "Толағай" жоғары спорт шеберлігі мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
13. Астана қаласы әкімдігінің "Астана" көкпар клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
14. Астана қаласы әкімдігінің "Астана" су добынан спорттық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
15. Астана қаласы әкімдігінің "Астана батыры" жекпе-жек күрес клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
16. "Астана қаласы әкімдігінің "Қайсар" спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
17. Астана қаласы әкімдігінің "Жігер" спорттық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
18. Астана қаласы әкімдігінің "Достық" спорткомбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
19. Астана қаласы әкімдігінің "Дәулет" спорткомбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
20. Астана қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
21. Астана қаласы әкімдігінің "Х.С. Омаров атындағы шахмат клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
22. Астана қаласы әкімдігінің "Алау" мұзайдыны сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
23. Астана қаласы әкімдігінің "Олимпиадалық резерв дайындау орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
24. Астана қаласы әкімдігінің "Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
25. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан" спорт сарайы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.