"Астана қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 06-2215 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 875 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы Әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 197-1570 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы Әкімдігінің 09.09.2015 № 197-1570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Астана қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейінен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Ә. Жақсыбеков

Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 06-2215 қаулысына   
қосымша          

«Астана қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын
бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже 1. Жалпы ережелер

      1. «Астана қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласы бойынша жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Желтоқсан көшесі, № 25.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Астана қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарма қызметін қаржыландыру Астана қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту мен жетілдіруге жәрдемдесу үшін жасалады.
      15. Міндеттері:
      1) Астана қаласының жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бойынша ұтымды және тиімді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласындағы заңдарының бұзылуын анықтау және жою;
      4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;
      5) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;
      6) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жылжыту кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау.
      16. Функциялары:
      1) мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуы:
      мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
      жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
      жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
      жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
      азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiштерін) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;
      межелiк белгiлердiң сақталуына;
      жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
      бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;
      жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
      жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына;
      2) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Жер кодексінде белгіленген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар мен олардың арасында жасалған, жерді уақытша пайдалану туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
      3) пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
      2) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;
      3) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;
      4) сотта талапкер және жауапкер болады;
      5) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;
      6) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;
      7) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
      8) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;
      9) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;
      10) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға құқығы бар;
      11) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға;
      12) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға;
      13) Қазақстан Республикасының заңдылықтарын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
      14) өз қызметін басқа да атқарушы билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асыруға;
      15) өз құзіреті шегінде мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды бекітілген заң тәртібімен (сұраныс хат негізінде) алуға;
      16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өз мүдделерін ұсынуға;
      17) Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша Астана қаласы әкімі (бұдан әрі - әкім) қабылдайтын нормативтік құқықтық актілер жобасына ұсыныстар енгізуге;
      18) әкімнің сенімхаты бойынша сот органдарында жер құқығы қатынастары мәселелері бойынша мемлекеттің (қаланың) мүддесін көрсету және қорғау;
      19) жер қатынастары саласындағы мәселелер бойынша жергілікті және орталық уәкілетті органдар әзірлеген заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің жобалары жөнінде ұсыныстарды енгізу;
      20) кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      21) заңсыз басып алынған жер учаскелерін босату жөніндегі талап-арыз шағымдарын (апелляциялық, кассациялық шағымдарды) дайындау және сот органдарына енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      22) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыруға міндетті.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқарма басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарма басшысы әкімнің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:
      1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелеріндегі басшылардың және өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды, лауазымдық жауапкершіліктерін белгілейді.
      2) Басқарма қызметкерлерін лауазымдық қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      3) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады.
      4) Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын сақтамағаны үшін жауапкершілікте болады.
      5) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады.
      6) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды қайта өңдеуді бақылайды.
      7) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, оны бұзудағы деректерді қарастырады және сол бойынша шешімдер қабылдайды.
      8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың атынан шығады.
      9) Басқарма қызметінің ұйымдастыру-құқықтық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады.
      10) Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын және бөлімдер туралы ережелерді бекітеді.
      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      Басқарма басшысы және оның орынбасарлары Астана қаласының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
      22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о Государственном учреждении "Управление по контролю за использованием и охраной земель города Астаны"

Постановление акимата города Астаны от 31 декабря 2014 года № 06-2215. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 16 января 2015 года № 875. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 9 сентября 2015 года № 197-1570

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 09.09.2015 № 197-1570 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах», от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и от 29 сентября 2014 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления», акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о Государственном учреждении «Управление по контролю за использованием и охраной земель города Астаны» согласно приложению.
      2. Государственному учреждению «Управление по контролю за использованием и охраной земель города Астаны» произвести государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции с последующим опубликованием в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата города Астаны.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима города Астаны Хорошуна С.М.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким                                       А. Джаксыбеков

Приложение          
к постановлению акимата      
города Астаны          
от 31 декабря 2014 года № 06-2215

Положение
о Государственном учреждении
«Управление по контролю за использованием и охраной земель
города Астаны»

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение «Управление по контролю за использованием и охраной земель города Астаны» (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере государственного контроля за использованием и охраной земель по городу Астане.
      2. Управление не имеет ведомств.
      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      9. Местонахождение Управления: Республика Казахстан, 010000, город Астана, район «Сарыарка», улица Желтоқсан, № 25.
      10. Полное наименование государственного органа – Государственное учреждение «Управление по контролю за использованием и охраной земель города Астаны».
      11. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.
      12. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета города Астаны.
      13. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.
      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции,
права и обязанности Управления

      14. Миссия Управления заключается в содействии развитию и совершенствованию государственной политики в сфере государственного контроля за использованием и охраной земель.
      15. Задачи:
      1) осуществление мер, направленных на обеспечение рационального и эффективного контроля за использованием и охраной земель города Астаны;
      2) обеспечение соблюдения земельного законодательства Республики Казахстан;
      3) выявление и устранение нарушений законодательства Республики Казахстан в сфере земельных отношений.
      4) соблюдение норм антикоррупционного законодательства Республики Казахстан;
      5) реализация гендерной и семейно-демографической политики;
      6) соблюдение норм гендерного баланса при принятии на работу и продвижении сотрудников.
      16. Функции:
      1) осуществление государственного контроля за:
      соблюдением государственными органами, предприятиями, учреждениями, организациями и гражданами земельного законодательства Республики Казахстан, установленного режима использования земельных участков в соответствии с их целевым назначением;
      недопущением самовольного занятия земельных участков;
      соблюдением прав собственников земельных участков и землепользователей;
      своевременным и правильным проведением собственниками земельных участков и землепользователями комплекса организационно-хозяйственных, агротехнических, лесомелиоративных и гидротехнических противоэрозионных мероприятий по восстановлению и сохранению плодородия почв;
      своевременным представлением в государственные органы собственниками земельных участков и землепользователями сведений о наличии, состоянии и использовании земель;
      проектированием, размещением и строительством жилых и производственных объектов, оказывающих влияние на состояние земель;
      своевременным и качественным выполнением мероприятий по улучшению земель, предотвращению и ликвидации последствий эрозии почвы, засоления, заболачивания, подтопления, опустынивания, иссушения, переуплотнения, захламления, загрязнения и других процессов, вызывающих деградацию земель;
      соблюдением установленных сроков рассмотрения заявлений (ходатайств) граждан о предоставлении им земельных участков;
      сохранностью межевых знаков;
      своевременным возвратом земель, предоставленных местными исполнительными органами во временное землепользование;
      рекультивацией нарушенных земель;
      снятием, сохранением и использованием плодородного слоя почвы при проведении работ, связанных с нарушением земель;
      осуществлением проектов землеустройства и других проектов по использованию и охране земель;
      2) внесение предложений в местный исполнительный орган по вопросам расторжения в одностороннем порядке договоров о временном землепользовании, заключенных между местными исполнительными органами и физическими или юридическими лицами, в случае невыполнения ими обязанностей, установленных Земельным кодексом Республики Казахстан;
      3) выявление и возврат в государственную собственность земель, неиспользуемых либо используемых с нарушением законодательства Республики Казахстан;
      4) осуществление иных функций, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) направлять в соответствующие органы материалы о нарушениях земельного законодательства Республики Казахстан для решения вопроса о привлечении виновных к ответственности;
      2) составлять протоколы (акты) о нарушениях земельного законодательства Республики Казахстан;
      3) выносить постановления об административном взыскании за нарушение земельного законодательства Республики Казахстан;
      4) быть истцом и ответчиком в суде;
      5) подготавливать и предъявлять иски в суд по вопросам о возмещении ущерба в результате нарушения земельного законодательства Республики Казахстан, о принудительном изъятии земельных участков, не используемых по назначению либо используемых с нарушением законодательства Республики Казахстан, об исполнении выданных должностными лицами органов, осуществляющих государственный контроль за использованием и охраной земель, предписаний по устранению выявленных нарушений земельного законодательства Республики Казахстан в случае их неисполнения в срок, указанный в предписании, либо ненадлежащего исполнения лицами, которым выданы эти предписания, и о взыскании штрафов с физических, должностных и юридических лиц;
      6) при предъявлении служебного удостоверения беспрепятственно посещать организации, обследовать земельные участки, находящиеся в собственности и пользовании, а земельные участки, занятые военными, оборонными и другими специальными объектами, – с учетом установленного режима их посещения;
      7) давать собственникам земельных участков и землепользователям обязательные для исполнения предписания по вопросам охраны земель, устранению нарушений земельного законодательства Республики Казахстан;
      8) приостанавливать промышленное, гражданское и другое строительство, разработку месторождений полезных ископаемых, эксплуатацию объектов, проведение агротехнических, лесомелиоративных, геологоразведочных, поисковых, геодезических и иных работ, если они осуществляются с нарушением земельного законодательства Республики Казахстан, установленного режима использования земель особо охраняемых территорий и могут привести к уничтожению, загрязнению, заражению или порче плодородного слоя почвы, развитию эрозии, засолению, заболачиванию и другим процессам, снижающим плодородие почв, включая сопредельную территорию, а также если эти работы ведутся по проектам, не прошедшим экспертизу либо получившим отрицательное заключение;
      9) получать от государственных органов статистическую информацию о состоянии земельного фонда;
      10) приостанавливать строительство жилых и производственных объектов в случае отсутствия правоустанавливающего и идентификационного документов на землю;
      11) своевременно принимать меры к нарушителям земельного законодательства Республики Казахстан;
      12) объективно готовить материалы проводимых проверок;
      13) соблюдать законодательство Республики Казахстан, права и охраняемые законодательством интересы физических и юридических лиц;
      14) осуществлять свою деятельность во взаимодействии с другими органами исполнительной власти и местного самоуправления;
      15) получать в установленном законодательством Республики Казахстан порядке (на основании запросов), необходимые информационные материалы из местных органов государственного управления и других организаций, в пределах своей компетенции;
      16) заключать договоры с юридическими и физическими лицами, приобретать имущественные и личные неимущественные права, представлять свои интересы в государственных органах, организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      17) вносить предложения в проекты нормативных правовых актов, принимаемых акимом города Астаны (далее – аким) по вопросам, входящим в компетенцию Управления;
      18) по доверенности акима представлять и защищать интересы государства (города) в судебных органах по вопросам земельных правоотношений;
      19) вносить предложения по проектам законодательных и иных нормативных актов, разработанных местными и центральными уполномоченными органами по вопросам в сфере земельных отношений;
      20) проводить работу по организации повышения квалификации кадров;
      21) вносить в судебные органы исковые заявления (апелляционные, кассационные жалобы) по освобождению незаконно занятых земельных участков;
      22) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности Управления

      18. Руководство Управлением осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций, а также за противодействие коррупции.
      19. Руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности распоряжением акима.
      20. Руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия руководителя Управления:
      1) определяет обязанности и полномочия, устанавливает степень ответственности своих заместителей и руководителей структурных подразделений Управления;
      2) назначает на должность и освобождает от должности сотрудников Управления;
      3) налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Управления;
      4) несет ответственность за несоблюдение сотрудниками Управления норм антикоррупционного законодательства Республики Казахстан;
      5) в пределах своей компетенции издает приказы, обязательные для исполнения сотрудниками Управления;
      6) контролирует разработку правовых актов и других документов по вопросам, входящим в компетенцию Управления;
      7) осуществляет контроль за исполнением земельного законодательства Республики Казахстан, рассматривает факты его нарушения и принимает по ним решения в пределах своей компетенции;
      8) в пределах своей компетенции представляет Управление в государственных органах и организациях в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      9) организует организационно-правовое, финансовое и материально-техническое обеспечение деятельности Управления;
      10) утверждает положения об отделах и должностные инструкции сотрудников Управления.
      Исполнение полномочий руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      Руководитель Управления и его заместители являются главными государственными инспекторами по использованию и охране земель города Астаны.
      22. Руководитель Управления определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество Управления

      23. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности.
      25. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выделенных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      26. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.