РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 208 қаулысы мен Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 5С-32-7 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының Астрахан ауданы Ұзынкөл селолық округінің Қайнар селосы Ұзынкөл селолық округі Ұзынкөл селосының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар санатына көшірілсін және есептік деректерден шығарылсын.
2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы |
Л.Багапова |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Н.Дьячек |