Ақмола облысының Астрахан ауданының Қайнар ауылын басқа қоныстар санатына көшіру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № А-9/472 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 5С-30-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 қарашада № 4434 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "селосын", "селолық", "селосы", "селосының" сөздері "ауылын", "ауылдық", "ауылы", "ауылының", деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 15.06.2016 № А-7/287 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 208 қаулысы мен Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 5С-32-7 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының Астрахан ауданы Ұзынкөл селолық округінің Қайнар селосы Ұзынкөл селолық округі Ұзынкөл селосының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар санатына көшірілсін және есептік деректерден шығарылсын.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысының әкімі С.Кулагин
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрайымы
Л.Багапова
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Н.Дьячек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады