Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 03.08.2017 № А-8/3146 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № С-28/5 "Көкшетау қаласында тұрақты автомобиль тасымалдауына тарифті келісу туралы" шешімі негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкшетау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф белгіленсін:
ересектерге - 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;
7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға - 30 (отыз) теңге мөлшерінде.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Омароваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімі | Ж.Нұрғалиев |