Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 18.10.2019 № А-10/1886 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкшетау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф белгіленсін:
ересектерге – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
жетіден он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге мөлшерінде.
2. "Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № А-7/1363 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4303 тіркелген, "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде 2014 жылғы 31 шілдеде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары И.И.Юрченкоға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е.Маржықпаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Б.Ғайса |
2017 жылғы "3" тамыздағы