Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № А-7/1363 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 шілдеде № 4303 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № А-8/3146 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 03.08.2017 № А-8/3146 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № С-28/5 "Көкшетау қаласында тұрақты автомобиль тасымалдауына тарифті келісу туралы" шешімі негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көкшетау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф белгіленсін:

      ересектерге - 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;

      7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға - 30 (отыз) теңге мөлшерінде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Омароваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қала әкімі Ж.Нұрғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады