Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, 2014 жылғы 18 маусымдағы Ақмола облысының ономастикалық комиссия отырысының № 3 шешімнің негізінде, тұрғындардың пікірін ескере отырып, Бестөбе кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігі Бестөбе кенті әкімінің 05.01.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Бестөбе кентіндегі Октябрьская көшесінің атауы Ержанов Қапан көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын өз бақылауымда қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бестөбе кентінің әкімі | С.Жұманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Степногорск қаласының мәдениет | |
және тілдерді дамыту бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | И.Ковцур |
"Степногорск қаласының сәулет | |
және қала құрылысы бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
басшының м.а. | Н.Молдахметова |