Бестөбе кентіндегі Октябрьская көше атауын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Степногорск қаласы Бестөбе кенті әкімінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 қазанда № 4404 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, 2014 жылғы 18 маусымдағы Ақмола облысының ономастикалық комиссия отырысының № 3 шешімнің негізінде, тұрғындардың пікірін ескере отырып, Бестөбе кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігі Бестөбе кенті әкімінің 05.01.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Бестөбе кентіндегі Октябрьская көшесінің атауы Ержанов Қапан көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімінің орындалуын өз бақылауымда қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бестөбе кентінің әкімі С.Жұманов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Степногорск қаласының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы И.Ковцур
      "Степногорск қаласының сәулет
      және қала құрылысы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшының м.а. Н.Молдахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады