Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Бестөбе кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бестөбе кенті әкімінің "Бестөбе кентіндегі Октябрьская көше атауын өзгерту туралы" 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4404 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қарашада "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, 2014 жылғы 18 маусымдағы Ақмола облысының ономастикалық комиссия отырысының № 3 шешімнің негізінде, тұрғындардың пікірін ескере отырып, Бестөбе кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы Бестөбе кенті әкімнің шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бестөбе кентінің әкімі | С.Жұманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Степногорск қаласының мәдениет | |
және тілдерді дамыту бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесі басшысының | |
міндетін атқарушы | Б.Айтпаева |
05.01.2017
"Степногорск қаласының сәулет | |
және қала құрылысы бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | З.Қартбаева |
05.01.2017