РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 29 мамыр № 194 ұсынысы негізінде, Волгодонов селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты Аршалы ауданының Волгодонов селолық округінің Қойгелді ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Волгодонов селолық
округінің әкімі Ж.Көселбаев