Аршалы ауданының Волгодонов селолық округінің Қойгелді ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Аршалы ауданы Волгодонов селолық округі әкімінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 13 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 маусымда № 4228 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 29 мамыр № 194 ұсынысы негізінде, Волгодонов селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты Аршалы ауданының Волгодонов селолық округінің Қойгелді ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Волгодонов селолық
      округінің әкімі                            Ж.Көселбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады