РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына сәйкес, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі қоса алғанда жастар;
отбасында бірде бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған тұлғалар;
маусымдық және уақытша жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар;
елу жастан жоғары тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Испергенов