2015 жылға халықтық нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № а-12/432 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда № 4603 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына сәйкес, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі қоса алғанда жастар;
      отбасында бірде бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар;
      кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған тұлғалар;
      маусымдық және уақытша жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар;
      елу жастан жоғары тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ.Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады