"Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 357 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 маусымда № 4247 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № А-1/16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 15.01.2016 № А-1/16 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына және 238 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4072 болып тіркелген, 2014 жылдың 18 сәуірінде «Зерен» және «Зерделі Зеренді» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Қоса берілген ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесі айқындалсын»;
      қосымшаның атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесі».
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді ауданының әкімі                    М.Тәткеев

Зеренді ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 6 маусымдағы
№ 357 қаулысына    
қосымша        

Келісу парағы

      Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 21.10.2014 № 592 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Зеренді аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Ауғалиев

____________________

«06» маусым 2014 жыл

О внесении изменений в постановление акимата Зерендинского района от 17 марта 2014 года № 135 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"

Постановление акимата Зерендинского района Акмолинской области от 6 июня 2014 года № 357. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 30 июня 2014 года № 4247. Утратило силу постановлением акимата Зерендинского района Акмолинской области от 15 января 2016 года № А-1/16

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Зерендинского района Акмолинской области от 15.01.2016 № А-1/16 (вступает в силу со дня подписания).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 18 и пунктом 3 статьи 238 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», акимат Зерендинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Зерендинского района от 17 марта 2014 года № 135 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4072, опубликовано 18 апреля 2014 года в газетах «Зерен» и «Зерделі Зеренді»), следующие изменения:
      пункт 1 постановления изложить в новой редакции:
      «1. Определить прилагаемый перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»;
      заголовок приложения изложить в новой редакции:
      «Перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности».
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Зерендинского района                  М.Таткеев

Приложение     
к постановлению акимата
Зерендинского района 
от 6 июня 2014 года 
№ 357        

Лист согласования

      Сноска. Постановление дополнено приложением в соответствии с постановлением акимата Зерендинского района Акмолинской области от 21.10.2014 № 592 (вводится в действие со дня официального опубликования).

Секретарь
Зерендинского районного
маслихата
К.Аугалиев

_____________________

«06» июня 2014 год