Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 15.01.2016 № А-1/16 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына және 238 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4072 болып тіркелген, 2014 жылдың 18 сәуірінде «Зерен» және «Зерделі Зеренді» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Қоса берілген ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесі айқындалсын»;
қосымшаның атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесі».
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі М.Тәткеев
Зеренді ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 6 маусымдағы
№ 357 қаулысына
қосымша
Келісу парағы
Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 21.10.2014 № 592 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Зеренді аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Ауғалиев
____________________
«06» маусым 2014 жыл