Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы Приречный ауылдық округі әкімінің 03.04.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 6 тамыз № 01-16-643 ұсынысы негізінде Приречный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград ауданы Приречный ауылдық округінің Приречный және Антоновка ауылдарының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Приречный селолық округінің әкімі |
Ж.Ағзамова |