Целиноград ауданының Приречный ауылдық округінің аумағындағы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград ауданы Приречный ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 тамызда № 4319 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы Приречный ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы Приречный ауылдық округі әкімінің 03.04.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 6 тамыз № 01-16-643 ұсынысы негізінде Приречный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Целиноград ауданы Приречный ауылдық округінің Приречный және Антоновка ауылдарының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Приречный селолық
округінің әкімі
Ж.Ағзамова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады