Целиноград ауданының Приречный ауылдық округінің Приречное, Антоновка ауылдары аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Приречный ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 мамырда № 5935 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2017 жылғы 6 наурызындағы № 01-34-35 ұсынуы бойынша Приречный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданының Приречный ауылдық округінің Приречное, Антоновка ауылдары аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Целиноград ауданының Приречный ауылдық округінің аумағындағы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақмола облысы Целиноград ауданы Приречный ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 6 тамызындағы № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4319 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанында "Ақмол ақпараты", "Вести Акмола" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Приречный ауылдық
округінің әкімі
Ж.Ағзамова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады