Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 39 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 шешіміне (Нормативтық құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3725 тіркелген, 2014 жылғы 7 қаңтардағы "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінің № 1-2 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін берілетін, қосымша дәрілік заттар, қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Осы шешім 2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Облыстықмәслихаттың хатшысы |
А. АХМЕТ | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
2014 жылғы 15 тамыздағы № 233 oблыстық мәслихаттың шешіміне қосымша 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін берілетін қосымша дәрiлiк заттар
№ | Дәрiлiк заттардың атауы (шығару нысаны) | Аурулар | Халық санаты |
1. | Бозентан, таблетка, қабықпен жабылған 125 мг | өкпе артериялық гипертензиясы | диспансерлік есепте тұрған барлық саннаттар |
2. | Силденафил, таблетка, қабықпен жабылған 50 мг, 100 мг, пленкалық қабықпен жабылған 25 мг, 50 мг, 100 мг | ||
3. | Метилпреднизолон, таблетка, 4 мг, 16 мг | жүйелі склеродермия | |
4. | Пеницилламин, таблетка, 250 мг | ||
5. | Метотрексат, егуге арналған ерітінді 10 мг/мл 2 мл | ||
6. | Кларитромицин, таблетка, 250 мг | жалпы түрленгішті иммундық жетіспеушілігі | |
7. | Итраконазол, ішуге арналған ерітінді, 10 мг/мл 150 мл | ||
8. | Телбивудин, таблетка, пленкалық қабықпен жабылған, 600 мг | вирустық гепатит В нәтижесіндегі бауыр циррозы | |
9. | Ламивудин, таблетка, 100 мг | ||
10. | Прамипексол, бақылаулы шығары-луымен ұзақ босатылатын таблетка 0,375 мг, 0,75 мг, 1,5 мг, 3 мг | Паркинсон ауруы | |
11. | Инфликсимаб, ұнтақ, көктамырішілік енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилденген 100 мг | созылмалы бейспецификалы ойықжаралы колит және Бехчет ауруы | |
12. | Панкреатин, шағын микросферадан тұратын ішекте еритін қабықтағы капсула, 150 мг | туа біткен бауыр фиброзы | |
13. | Адеметионин, таблетка, ішекте еритін қабықпен жабылған, 400 мг, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған лиофилденген ұнтақ, 400 мг | ||
14. | Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг | ||
15. | Варфарин, таблетка, 2,5 мг | жоғарғы қуыс тамыр синдромы | |
16. | Вандетаниб, таблетка, қабықпен жабылған, 300 мг | қалқанша безінің медулярлық ісігі | |
17. | Леветирацетам, таблетка, 500 мг | эпилепсия | |
18. | Брентуксимаб, инфузиялық егуге арналған ерітінді концентрат дайындайтын ұнтақ, 50 мг | анапластикалық Т-клетка неходжкиндық лимфомасы | |
19. | Адеметионин, таблетка, ішекте еритін қабықпен жабылған, 400 мг, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған лиофилденген ұнтақ, 400 мг | кистоздық фиброз (муковисцидоз) | диспансерлік есепте тұрған балалар |
20. | Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг | ||
21. | Тобрамицин, ингаляцияға арналған ерітінді, 75 мг/мл 4 мл | ||
22. | Колистиметат натрия, ингаляцияға арналған ерітінді, 1 млн.бірл. | ||
23. | Тоцилизумаб, сауыттағы инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 400 мг/20 мл, 200 мг/10 мл, 80 мг/4 мл | ювенилдық артрит | |
24. | Изотретионин, капсула, 20 мг | нейробластома | |
25. | Циклоспорин, ішке ішетін ерітіндісі, 50 мл | күшею гломерулярлық ауру | |
26. | Винпоцетин, егуге арналған ерітінді, 0,5% | жүйке жүйесі аурулары |
Ұлы Отан соғысына қатысушылар - бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөнiндегi басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия флот құрамына кiрген бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшiлер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргiзушiлерi соғысқа қатысушылар; |
27. | Цитиколин, егуге арналған ерітінді, 1000 мг/4 мл, ішуге арналған ерітінді, 10 г/100 мл | ||
28. | Бетагистин дигидрохлориді, таблетка, 8 мг, 16 мг, 24 мг | ||
29. | Пирацетам, таблетка, капсула, 400 мг, 800 мг, 1200 мг | ||
30. | Циннаризин, таблетка, 25 мг | ||
31. | Пентоксифиллин, таблетка, 400 мг | ||
32. | Зопиклон, таблетка, 7,5 мг | ||
33. | Тофизопам, таблетка, 50 мг | ||
34. | Симвастатин, таблетка, 10 мг, 20 мг, 40 мг | жүрек-тамырлық жүйесі аурулары | |
35. | Аторвастатин, таблетка, 10 мг, 20 мг | ||
36. | Панкреатин, таблетка, шекте еритін қабықпен жабылған, 10000 ӘБ | ас қорыту органдары аурулары | |
37. | Құрамында алюминий, су тотығы, магний су тотығы бар аралас препараттар, ішуге арналған суспензия | ||
38. | Флуконазол, таблетка, капсула, 200 мг | ||
39. | Лактулоза, ішке ішетін құтыдағы ерітінді | ||
40. | Ранитидин, таблетка, 150 мг | ||
41. | Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг | ||
42. | Дротаверин, таблетка, 80 мг | ||
43. | Ішек микрофлорасының зат алмасу процесінің өнімінен стерилді концентрат, ішуге арналған ерітінді | ||
44. | Карнитин оротаты, бауыр экстрактының улануға қарсы фракция, аденин гидрохлориді, пиридоксин гидрохлориді, цианокобаламин, рибофлавин, егуге ерітінді дайындауға арналған лиофилденген ұнтақ | ||
45. | Эссенциалдық фосфолипидтер, капсула | ||
46. | Амброксол, шәрбат, 15 мл/5 мл, 30 мг/5 мл | тыныс алу жүйесі аурулары | |
47. | Хлоропирамин, таблетка, 25 мг | ||
48. | Карбоцистеин, шәрбат, 250 мг/5 мл | ||
49. | Ципрофлоксацин, таблетка, ұзақ шығуылы әсері бар, қабықпен жабылған, 1000 мг | ||
50. | Норфлоксацин, таблетка, 400 мг | несеп-жыныс жүйесі аурулары | |
51. | Доксазозин, таблетка, 1 мг, 2 мг, 4 мг | ||
52. | Финастерид, таблетка, қабықпен жабылған, 5 мг | ||
53. | Тамсулозин, таблетка, бақылаулы шығарылуымен, 0,4 мг | ||
54. | Кетопрофен, иісмай 2,5% | омыртқа бағаныны мен қозғалыс органдары аурулары | |
55. | Нимесулид, гелі 30 г | ||
56. | Гепарин, сыртқа қолдануға арналған гелі, 1000 ӘБ/г | ||
57. | Теноксикам, ерітінді дайындауға арналған лиофиленген ұнтақ, 20 мг | ||
58. | Пилокарпин, көз тамшылар, 1% | көз аурулары | |
59. | Тимолол, көз тамшылар, 0,25%, 0,5% | ||
60. | Азапентацен натрий полисульфонаты, көз тамшылар, 15 мл | ||
61. | Дексапантенол, көз гелі, 5% | ||
62. | Тобрамицин, көз тамшылар, 0,3% | ||
63. | Дексаметазон, көз тамшылары, 0,1% иіс май | ||
64. | Травопрост, көз тамшылар, 40 мкг/мл | ||
65. | Латанопрост, көз тамшылар, 0,005% | ||
66. | Дексаметазон + Тобрамицин, көз тамшылар, 0,3% | ||
67. | Тетрациклин, көз жағылмай, 1% | ||
68. | Ацикловир, 3% көз жағылмай | ||
69. | Бетаметазон иісмай, жағылмай, 0,1% | тері аурулары | |
70. | Флуоцинолон ацетонид, гелі, 15 г |