"Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 тамыздағы № 233 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 қыркүйекте № 4029 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 39 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 39 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 шешіміне (Нормативтық құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3725 тіркелген, 2014 жылғы 7 қаңтардағы "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінің № 1-2 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген, азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін берілетін, қосымша дәрілік заттар, қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Осы шешім 2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыстықмәслихаттың хатшысы
      А. АХМЕТ С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  2014 жылғы 15 тамыздағы № 233
oблыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша
2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін берілетін қосымша дәрiлiк заттар

Дәрiлiк заттардың атауы (шығару нысаны)

Аурулар

Халық санаты

1.

Бозентан, таблетка, қабықпен жабылған 125 мг

өкпе артериялық гипертензиясы

диспансерлік есепте тұрған барлық саннаттар

2.

Силденафил, таблетка, қабықпен жабылған 50 мг, 100 мг, пленкалық қабықпен жабылған 25 мг, 50 мг, 100 мг

3.

Метилпреднизолон, таблетка, 4 мг, 16 мг

жүйелі склеродермия

4.

Пеницилламин, таблетка, 250 мг

5.

Метотрексат, егуге арналған ерітінді 10 мг/мл 2 мл

6.

Кларитромицин, таблетка, 250 мг

жалпы түрленгішті иммундық жетіспеушілігі

7.

Итраконазол, ішуге арналған ерітінді, 10 мг/мл 150 мл

8.

Телбивудин, таблетка, пленкалық қабықпен жабылған, 600 мг

вирустық гепатит В нәтижесіндегі бауыр циррозы

9.

Ламивудин, таблетка, 100 мг

10.

Прамипексол, бақылаулы шығары-луымен ұзақ босатылатын таблетка 0,375 мг, 0,75 мг, 1,5 мг, 3 мг

Паркинсон ауруы

11.

Инфликсимаб, ұнтақ, көктамырішілік енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилденген 100 мг

созылмалы бейспецификалы ойықжаралы колит және Бехчет ауруы

12.

Панкреатин, шағын микросферадан тұратын ішекте еритін қабықтағы капсула, 150 мг

туа біткен бауыр фиброзы

13.

Адеметионин, таблетка, ішекте еритін қабықпен жабылған, 400 мг, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған лиофилденген ұнтақ, 400 мг

14.

Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг

15.

Варфарин, таблетка, 2,5 мг

жоғарғы қуыс тамыр синдромы

16.

Вандетаниб, таблетка, қабықпен жабылған, 300 мг

қалқанша безінің медулярлық ісігі

17.

Леветирацетам, таблетка, 500 мг

эпилепсия

18.

Брентуксимаб, инфузиялық егуге арналған ерітінді концентрат дайындайтын ұнтақ, 50 мг

анапластикалық Т-клетка неходжкиндық лимфомасы

19.

Адеметионин, таблетка, ішекте еритін қабықпен жабылған, 400 мг, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған лиофилденген ұнтақ, 400 мг

кистоздық фиброз (муковисцидоз)

диспансерлік есепте тұрған балалар

20.

Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг

21.

Тобрамицин, ингаляцияға арналған ерітінді, 75 мг/мл 4 мл

22.

Колистиметат натрия, ингаляцияға арналған ерітінді, 1 млн.бірл.

23.

Тоцилизумаб, сауыттағы инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 400 мг/20 мл, 200 мг/10 мл, 80 мг/4 мл

ювенилдық артрит

24.

Изотретионин, капсула, 20 мг

нейробластома

25.

Циклоспорин, ішке ішетін ерітіндісі, 50 мл

күшею гломерулярлық ауру

26.

Винпоцетин, егуге арналған ерітінді, 0,5%

жүйке жүйесі аурулары

Ұлы Отан соғысына қатысушылар - бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөнiндегi басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия флот құрамына кiрген бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшiлер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргiзушiлерi соғысқа қатысушылар;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері – Бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, партизандар мен астыртын күрес жүргiзушiлер қатарында болған адамдар, сондайақ бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезiнде майданда, ұрыс қимылдары жүргiзiлген аудандарда, майдан маңындағы темiр жол учаскелерiнде, қорғаныс шептерiн, әскеритеңiз базалары мен аэродромдар салу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрi зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшiлерге теңестiрiлген жұмысшылар мен қызметшiлер;
басқа мемлекеттің аумағындағы жауынгер әрекет ететін қатысушылар, дәл жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер;
ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар;
басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар (Семей ЯП).

27.

Цитиколин, егуге арналған ерітінді, 1000 мг/4 мл, ішуге арналған ерітінді, 10 г/100 мл

28.

Бетагистин дигидрохлориді, таблетка, 8 мг, 16 мг, 24 мг

29.

Пирацетам, таблетка, капсула, 400 мг, 800 мг, 1200 мг

30.

Циннаризин, таблетка, 25 мг

31.

Пентоксифиллин, таблетка, 400 мг

32.

Зопиклон, таблетка, 7,5 мг

33.

Тофизопам, таблетка, 50 мг

34.

Симвастатин, таблетка, 10 мг, 20 мг, 40 мг

жүрек-тамырлық жүйесі аурулары

35.

Аторвастатин, таблетка, 10 мг, 20 мг

36.

Панкреатин, таблетка, шекте еритін қабықпен жабылған, 10000 ӘБ

ас қорыту органдары аурулары

37.

Құрамында алюминий, су тотығы, магний су тотығы бар аралас препараттар, ішуге арналған суспензия

38.

Флуконазол, таблетка, капсула, 200 мг

39.

Лактулоза, ішке ішетін құтыдағы ерітінді

40.

Ранитидин, таблетка, 150 мг

41.

Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг

42.

Дротаверин, таблетка, 80 мг

43.

Ішек микрофлорасының зат алмасу процесінің өнімінен стерилді концентрат, ішуге арналған ерітінді

44.

Карнитин оротаты, бауыр экстрактының улануға қарсы фракция, аденин гидрохлориді, пиридоксин гидрохлориді, цианокобаламин, рибофлавин, егуге ерітінді дайындауға арналған лиофилденген ұнтақ

45.

Эссенциалдық фосфолипидтер, капсула

46.

Амброксол, шәрбат, 15 мл/5 мл, 30 мг/5 мл

тыныс алу жүйесі аурулары

47.

Хлоропирамин, таблетка, 25 мг

48.

Карбоцистеин, шәрбат, 250 мг/5 мл

49.

Ципрофлоксацин, таблетка, ұзақ шығуылы әсері бар, қабықпен жабылған, 1000 мг

50.

Норфлоксацин, таблетка, 400 мг

несеп-жыныс жүйесі аурулары

51.

Доксазозин, таблетка, 1 мг, 2 мг, 4 мг

52.

Финастерид, таблетка, қабықпен жабылған, 5 мг

53.

Тамсулозин, таблетка, бақылаулы шығарылуымен, 0,4 мг

54.

Кетопрофен, иісмай 2,5%

омыртқа бағаныны мен қозғалыс органдары аурулары

55.

Нимесулид, гелі 30 г

56.

Гепарин, сыртқа қолдануға арналған гелі, 1000 ӘБ/г

57.

Теноксикам, ерітінді дайындауға арналған лиофиленген ұнтақ, 20 мг

58.

Пилокарпин, көз тамшылар, 1%

көз аурулары

59.

Тимолол, көз тамшылар, 0,25%, 0,5%

60.

Азапентацен натрий полисульфонаты, көз тамшылар, 15 мл

61.

Дексапантенол, көз гелі, 5%

62.

Тобрамицин, көз тамшылар, 0,3%

63.

Дексаметазон, көз тамшылары, 0,1% иіс май

64.

Травопрост, көз тамшылар, 40 мкг/мл

65.

Латанопрост, көз тамшылар, 0,005%

66.

Дексаметазон + Тобрамицин, көз тамшылар, 0,3%

67.

Тетрациклин, көз жағылмай, 1%

68.

Ацикловир, 3% көз жағылмай

69.

Бетаметазон иісмай, жағылмай, 0,1%

тері аурулары

70.

Флуоцинолон ацетонид, гелі, 15 г


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады