Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 178 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3958 тіркелген, 2014 жылғы 10 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
3-тармақтағы "әкімінің" деген сөздің алдына "бірінші" деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетілген қаулының "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлердегі" қосымшасындағы 3 жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |