Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 178 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі № 317 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қазанда № 4039 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 25 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 01.02.2016 № 25 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 178 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3958 тіркелген, 2014 жылғы 10 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      3-тармақтағы "әкімінің" деген сөздің алдына "бірінші" деген сөзбен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулының "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлердегі" қосымшасындағы 3 жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі
А. Мұхамбетов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады