Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 178 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 маусымда № 3958 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 25 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 01.02.2016 № 25 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер айқындалсын.
      2. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс бірінші әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.09.2014 № 317 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі
А.Мұхамбетов
 
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 3 маусымдағы
№ 178 қаулысына қосымша

Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.09.2014 № 317 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с
Критерий атауы
Иеліктен шығару түрі
1
Мынадай критерийлер болған жағдайда:
объектіні бұдан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігі болмауы;
саудаға қатысушылардың кең шеңберін тарту.
Сауданы аукцион формасында өткізу
2
Мынадай критерийлер болған жағдайда:
сату шарттарын анықтау жолымен белгіленген уақыт кезеңіне Объектіні мемлекеттің бақылауын сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық бережақтарды өтеу, жалақы бойынша бережақты өтеу және басқа шарттар);
болуы мүмкін ең жоғарғы баға бойынша объектін іске асыру қажеттілігі.
Коммерциялық тендер формасында саудаларды өткізу
3
Алып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.09.2014 № 317 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4
Мынадай критерийлер болған жағдайда:
сенімгерлікпен басқарушы, жалдаушы (жалға алушы) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған шарт жағдайларының орындалуына мемлекеттің бақылауын белгіленген уақыт кезеңіне сақтау қажеттілігі;
Тікелей адрестік сату
5
Мынадай критерий болған жағдайда:
Оларды одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігі болмаған кезде, мемлекетке тиесілі құнды қағаздарды сату
Қор биржасында саудаларды өткізу

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады