«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
«Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы» облыстық маслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3621 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамыздағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 92 жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасында:
1-тармақта «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 «Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3455 нөмірімен тіркелді) бұйрығының» сөздері «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712 және «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 10 шілдедегі № 713 қаулыларының» сөздерімен алмастырылсын;
15-тармақтың 9 абзацы – алынып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың жылу желілеріне қосылу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712 қаулысымен бекітілген, Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 19-21-тармақтарымен белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
27-тармақта «2001 жылғы 30 қаңтардағы» сөздері алынып тасталсын.
2.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия |
М. ИТЕҒҰЛОВ |