"Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 263 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қаңтарда № 4148 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы» облыстық маслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3621 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамыздағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 92 жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасында:
      1-тармақта «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 «Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3455 нөмірімен тіркелді) бұйрығының» сөздері «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712 және «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 10 шілдедегі № 713 қаулыларының» сөздерімен алмастырылсын;
      15-тармақтың 9 абзацы – алынып тасталсын;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың жылу желілеріне қосылу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712 қаулысымен бекітілген, Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 19-21-тармақтарымен белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      27-тармақта «2001 жылғы 30 қаңтардағы» сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыстық мәслихаттың сессия
      төрағасы
      Облыстық мәслихаттың хатшысы

М. ИТЕҒҰЛОВ
С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады