РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі 146-бабының 5-бөлігіне сәйкес, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану тетіктерін егжей-тегжейлі реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1.
Қоса беріліп отырған Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау қағидасы бекітілсін.
2.
«Бұлтартпау шарасы ретінде кепіл және үйде қамап ұстау туралы Нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 18 қазандағы № 56, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 қазандағы № 187, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 6 қазандағы № 590 және Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2005 жылғы 7 қазандағы № 214 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3947 тіркелген, 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 175 (799) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3.
Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1.
Осы Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау қағидасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 146-бабына сәйкес әзірленді, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының не егер бұлтартпау шарасы сот іс жүргізуі уақытында қолданылса, соттың өтініші бойынша тергеу судьясы (сот) таңдайтын үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2.
Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) үйқамақ – күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны күзетпен қамауда ұстамай, бірақ ҚПК 147-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіпте судья (сот) белгілеген шектеулерді қолдана отырып, қоғамнан оқшаулау;
2) тұрғынжай – бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта, купе; көппәтерлi тұрғын үйдi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын верандалар, террасалар, галереялар, балкондар, мансардалық құрылыстар, тұрғын құрылысының жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi және басқалар.
3. Үйқамақты қолдану
3.
Үйқамақ ҚПК-нің 136, 139, 146, 342-баптарымен көзделген процестік негіздер болған кезде ғана күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тиісті тәртібін қамтамасыз ету, сотта істі объективті түрде тергеп-тексеруге және талқылауға кедергі келтірудің, сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот органдарынан жалтарудың алдын алу, қылмыстық әрекетті болдырмау мақсатында қолданылады.
4.
Үйқамақта ұстау орнын қылмыстық процесті жүргізуші орган айқындайды. Бұл тұрғынжай, аурухана, клиника, пансионат, өзге де орындар және жалға алынған үй-жайлар болуы мүмкін.
5.
Күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға тұрғынжайды қылмыстық іс бойынша іс жүргізу уақытында туыстарының және өзге де тұлғалардың ұсынуына жол беріледі. Күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға туыстары және таныстары тұрғынжайды берген кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган үшін олардың, сондай-ақ олармен бірге тұратын кәмелетке толғандардың жазбаша келісімі қажет.
6.
Тұрғынжайды жалға алу шарты күдікті, айыпталушы, сотталушы үйқамақта болған кезеңде оның тұрақты тұратын орны бойынша жасалмаған жағдайда шартта жалға беруші мен жалға алушының құқықтары мен міндеттері, тұрғын үйді пайдалану мерзімдері мен ережелері, коммуналдық қызмет үшін төлем, жалға алушының тұрғын үйді күтіп-ұстауы және жарамдылығы жөніндегі жауапкершілігі, шартты мерзімінен бұрын бұзу мәселелері қарастырылады. Жалға берушіге тұрғын үйді жалға алудың негізгі мақсаты туралы жалға алушы міндетті түрде ескертуі тиіс, бұл ретте,қосалқы жалға беруге жол берілмейді.
7.
Тергеу судьясының (соттың) қаулысы күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға оны жария етілген сәттен бастап сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына беріледі және дереу орындалуға жатады.
8.
Күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты үйқамақты қолданған кезде тергеу судьясы (сот) қылмыстық істерді тергеп-тексерудің тергеулігіне сәйкес қадағалауды жүзеге асыратын орган көрсетіледі.
Үйқамақтың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген тұлғаға тапсырылмауға тиіс.
Белгіленген шектеулердің сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын органның немесе лауазымды адамның өз бастамасы бойынша күдіктінің, айыпталушының, сотталушының құқықтарына қысым көрсететін қосымша шектеулер белгілеуге құқығы жоқ.
9.
Анықтау органының бастығы, әскери бөлім командирі осы орган қызмет көрсететін аумақта тұратын күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты тергеу судьясының (соттың) қаулысы келіп түскен кезде күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға тергеу судьясының (соттың) қаулысымен оларға жүктелген шектеулердің орындалуын қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшені айқындайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны есепке алуды және оның тәртібін қадағалауды қамтамасыз етуді дереу тапсырады.
10.
Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының үйқамақта болуын және тергеу судьясы (сот) айқындаған шектеулерді орындауын қадағалау Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналына бұлтартпау шарасының таңдалғаны туралы ақпарат енгізілген сәттен басталады.
11.
Бұлтартпау шарасын таңдау туралы ақпаратты өзіне Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналына (1-қосымша) қадағалауды жүзеге асыру жүктелген адам енгізеді.
Осыған ұқсас мәліметтер олар болған жағдайда ықпалдастырылған ақпараттық-іздестіру жүйесіне де енгізіледі.
12.
Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналы кезекші бөлімде сақталады және нөмірленуі, тігілуі, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінде тіркелуі және органның мөрімен бекітілуі тиіс.
13.
Өздеріне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының дереу есепке алынуын бақылауды жүзеге асыру аталған адамдарды қадағалауды жүзеге асыру тапсырылған құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктеледі.
14.
Орган немесе лауазымды адам күдіктінің, айыпталушының, сотталушының үйқамақта болуын және тергеу судьясы (сот) белгілеген шектеулердің орындалуын қадағалауды жүзеге асыруды тергеу судьясы (сот) қаулысының қолданылу мерзімі аяқталған, осы бұлтартпау шарасы өзгертілген не оның күші жойылған, үкім шығарылған немесе қылмыстық іс тоқтатылған кейін тоқтатады.
4. Үйқамақта отырған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тәртібін
қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастыру
15.
Үйқамақта отырған күдікті, айыпталушы, сотталушы туралы ақпарат үйқамақта отырған адамды қадағалау бойынша бақылау-қадағалау ісіне жинақталады.
16.
Бақылау-қадағалау ісіне: тергеу судьясы (сот) қаулысының данасы; анықтаушының, тергеушінің не егер бұлтартпау шарасы сот ісін жүргізу уақытында қолданылса, соттың хабарламасы туралы, адамның есепке алынғаны туралы хаттың көшірмесі; күдіктіге (айыпталушыға, сотталушыға) тергеу судьясының, соттың бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі қаулысын немесе оның көшірмесін жария ету хаттамасының көшірмесі; үйқамақта отырған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға сауалнама парағы (2-қосымша); үйқамақ отырған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тәртібін қадағалауды жүзеге асыру туралы мәліметтер, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тәртібіне тексеру жүргізудің нәтижелері туралы баянаттар; прокурордың, анықтаушының, тергеушінің не егер бұлтартпау шарасы сот ісін жүргізу уақытында қолданылса, соттың хабарлары туралы, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының жүктелген міндеттерді бұзғаны туралы хаттардың көшірмелері; қадағалау іс-шараларына қатысты басқа да құжаттар және осы мәселе бойынша хат алмасу тігіледі.
17.
Бақылау-қадағалау ісі қызметтік бөлмеде қызметкердің атына бекітілген қоймада (сейфте, металл шкафта) сақталады, ол берік жабылуға және мөрленуге тиіс. Тергеу судьясы, сот қаулысының қолданылуы тоқтатылғаннан кейін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тәртібін тікелей қадағалауды жүзеге асыратын қызметкер бақылау-қадағалау ісін құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесіне белгіленген тәртіпте сақтау үшін тапсырады.
18.
Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тәртібін тікелей қадағалауды жүзеге асыру тапсырылған құрылымдық бөлімше қызметкері:
1)
күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналына дереу есепке алады.
Осыған ұқсас мәліметтер олар болған жағдайда ықпалдастырылған ақпараттық-іздестіру жүйесіне де енгізіледі;
2)
күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға таңдалған бұлтартпау шарасының, тергеу судьясның (соттың) қаулысында көрсетілген шектеулер мен міндеттердің мәнін түсіндіреді. Тергеу судьясының (соттың) бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулысын күдіктіге (айыпталушыға, сотталушыға) түсіндіру және оның көшірмесін табыс ету турыла хаттама жасайды. Хаттама тергеушіге, анықтаушыға, прокурорға немесе егер, бұлтартпау шарасы сот ісін жүргізу уақытында қолданылса, сотқа жолданады, хаттаманың көшірмесі бақылау-қадағалау ісіне тігіледі.
Күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға тыйым салынған уақытта, атап айтқанда, тергеушіден, анықтаушыдан, прокурордан шақырту, сот шақыртуын алған кезде; тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе соттың рұқсаты бойынша кеткен кезде; сырқаттанғанда, табиғи зілзала болғанда тұрғын үйді қалдыру ойы туралы кезекші бөлімге және оның тәртібін тікелей қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне хабарлау қажеттілігі туралы жазбаша түрде ескертеді.
Жүктелген шектеулер орындалмаған жағдайда прокурор, тергеуші (анықтаушы) ҚПК-нің 153-бабына сәйкес прокурормен келісім бойынша бұлтартпау шарасын күзетпен қамауда ұстауға өзгерту немесе қосымша міндеттер жүктеу туралы өтінішпен тергеу судьясына (сотқа) жүгінуге құқылы екендігін түсіндіреді;
3)
күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны фотосуретке түсіруді жүзеге асырады, сауалнама парағын жасайды. Бір тәулік ішінде бақылау-қадағалау ісін ресімдейді;
4)
үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны есепке алу туралы бір тәулік ішінде тергеушіге, анықтаушыға, прокурорға немесе егер бұлтартпау шарасы сот ісін жүргізу уақытында қолданылса, сотқа жазбаша хабарлайды. Хабарламаның көшірмесі бақылау-қадағалау ісіне тігіледі.
Тергеушіге, анықтаушыға, прокурорға немесе сотқа хабарламада мынадай жағдайларда:
адам шақыртылғанда немесе елді мекеннен оның кетуіне рұқсат етілгенде - алдын ала, бірақ үйқамақта болуы орындалатын жерден кететін күнге дейінгі бір тәуліктен кешіктірмей;
бұлтартпау шарасы өзгертілгенде, ақтау үкімі шығарылғанда немесе қылмыстық іс тоқтатылғанда - дереу, бірақ қабылданған шешім туралы ақпаратты алғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірілмей жазбаша хабарлау (факс арқылы, электронды почта арналары арқылы) қажеттілігі туралы белгі қояды;
5)
тергеу судьясы (сот) қаулысында көрсетілген тұрғылықты жерінде күдіктінің, айыпталушының, сотталушының болмауына және бір тәулік ішінде оның орналасқан жерінің анықталмауына байланысты оны дереу есепке алу мүмкін болмаған жағдайда ол туралы тергеушіге, анықтаушыға, прокурорға не егер бұлтартпау шарасы сот ісін жүргізу уақытында қолданылса, сотқа хабарлайды;
6)
тергеу судьясы, сот қаулысымен күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға электронды бақылау құралын өзімен бірге алып жүру міндеттемесін жүктеген кезде электронды қадағалау құралын пайдаланады;
7)
күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны тұрғылықты жерінде болуын тәуліктің кез келген уақытында тексереді. Тексеру күндізгі уақытта кемінде екі рет және түнгі уақытта кемінде бір рет жүргізіледі. Лауазымды адамның қамақтағы адамның тұрғынжайында болуына осы адамның және онымен бірге тұратын адамдардың келісімімен жол беріледі және ол отыз минуттан аспауға тиіс.
Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының шарттар мен шектеулерді бұзғаны туралы ақпарат болған кезде уәкілетті орган түнгі уақытта қосымша тексеруді жүзеге асырады;
8)
күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тұрғынжайына әрбір келуінің нәтижелері туралы баянат жасайды, анықтау органының бастығына баяндап болғаннан кейін бақылау-қадағалау ісіне тігеді.
Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тәртібін тексеру бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері, бұл ретте анықталған бұзушылықтар және олар бойынша қабылданған ден қою шаралары туралы ақпаратты Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналында көрсетеді;
9)
тергеу судьясының (соттың) үйқамақ мерзімін ұзарту туралы, бұлтартпау шарасын өзгерту немесе күшін жою туралы қаулысы келіп түскен кезде Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналында тиісті белгі қояды;
10)
күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тәртібін қадағалауды тоқтату туралы анықтау органының бастығына дәлелденген баянатпен баяндайды. Анықтау органы бастығының жазбаша рұқсаты бойынша адамды есептен алып тастайды, ол туралы Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналына тиісті белгі қояды;
11)
ерекше жағдайларда, күдікті, айыпталушы, сотталушы үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындауға тиіс тұрақты тұрғылықты жері сот қадағалауды жүзеге асыру міндеттемесін жүктеген органнан алыс жерде орналасса, қадағалауды уәкілетті орган аумақтық ІІБ анықтау органының жүзеге асыруы туралы өтінішхат шығарады. Аталған өтінішхат прокурорға жолданады, ол 24 сағаттан кешіктірмей тексеру жүргізу туралы тапсырма шығарады. Осындай жағдайларда тексеру жүргізу туралы тапсырмаға міндетті түрде бақылау-қадағалау ісінің телнұсқасы, сот бақылау міндеттемесін жүктеген лауазымды адамның, органның байланыс телефондары қоса беріледі.
Бақылауды жүзеге асыру туралы тапсырманы алған кезде аумақтық ішкі істер органының бастығы құрылымдық бөлімшенің басшысына сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тұрғылықты жері бойынша тексеруді жүзеге асыруды тапсырады.
Құрылымдық бөлімше басшысы тұрғылықты жері бойынша тексеруді жүзеге асыра отырып, бақылау-қадағалау ісін толтыратын және осы қызмет мәселелері және анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаушы органмен тұрақты байланысты жүзеге асыратын нақты лауазымды адамға қадағалауды тапсырады.
19.
Күдікті, айыпталушы, сотталушы өзіне жүктелген шектеулерді бұзғанын растайтын мән-жайлар анықталған жағдайда өзіне тікелей қадағалауды жүзеге асыру тапсырылған құрылымдық бөлімше қызметкері:
1)
уәжді баянат жасау арқылы жүктелген міндеттерді бұзу фактісін тіркеуге міндетті. Күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан, оның отбасы мүшелерінен, көршілерінен немесе басқа да оқиға куәларынан жазбаша түсініктемелер алуға міндетті. Жасалған баянаттың және алынған түсініктемелердің мазмұнын анықтау органының басшысына баяндауға міндетті;
2)
бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы дереу ауызша түрде және 24 сағаттан кешіктірмей жазбаша түрде тергеушіге, анықтаушыға және прокурорға, ал егер қылмыстық іс жүргізу соттың қарауында болса, сотқа хабарлауға міндетті. Ақпараттық хаттың және баянаттың көшірмелері бақылау-қадағалау ісіне тігіледі;
3)
күдікті, айыпталушы, сотталушы тұрғылықты жерінде болмаған жағдайда ол туралы қадағалауды жүзеге асыратын органның кезекші бөліміне дереу хабарлауға және оның тұрған жерін анықтауға шаралар қабылдауға міндетті.
20.
Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының үйқамақта болуын орындау орнында болмағаны туралы ақпарат келіп түскен және оның тұрған жері анықталмаған кезде осы бұлтартпау шарасын таңдаған тұлға бұлтартпау шарасын күзетпен қамауда ұстауға өзгерту туралы шешім қабылдайды.
21.
Үйқамақтағы күдіктінің, айыпталушының, сотталушының өміріне немесе денсаулығына тұрғылықты жері бойынша қауіп төнгені туралы (өрт, авария, табиғи немесе техногендік сипаттағы апаттар, дүлей зілзала және т.с.с.) немесе оның сырқаттанғаны және оны денсаулық сақтау мекемесіне стационарлық емдеу үшін орналастырылғаны туралы хабарлама келіп түскен жағдайда анықтау органының бастығы хабарламада көрсетілген мән-жайларды дереу тексеруді ұйымдастырады.
Осындай хабарламаларды тексеру, олар келіп түскен сәттен бастап
24 сағаттан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Алынған ақпарат расталған кезде тергеушіге, анықтаушыға, прокурорға немесе егер бұлтартпау шарасы сот ісін жүргізу уақытында қолданылса, сотқа күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны қаулыда көрсетілген жерде одан әрі қадағалауды жүзеге асырудың мүмкін емес екендігі туралы хабарлама жолданады.
5. Үйқамақта ұстаудың орындалуын бақылау
22.
Анықтау органының бастығы құрылымдық бөлімшелернің тергеу судьясының (соттың) қаулысын орындау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Осы мақсатта:
1) өздеріне қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны дереу есепке алу және олардың тәртібін қадағалауды жүзеге асыру бөлігінде тергеу судьясының (соттың) қаулысын орындау бойынша қарамағындағы бөлімшелердегі істердің жай-күйін зерделейді;
2) аптасына кемінде бір рет Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналының жүргізілуін, бақылау-қадағалау істерінің қалыптастырылуын тексереді, ол туралы тексерілген күні және жеке қолы көрсетіле отырып, тиісті белгі қойылады.
23.
Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының орындалуын қадағалауды тиісінше жүзеге асырмағаны үшін тікелей қадағалауды жүзеге асыру тапсырылған құрылымдық бөлімше қызметкері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген тәртіптік және өзге де жауапкершілік көтереді.
Үйқамақ түріндегі бұлтартпау |
Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналы
№ |
Есепке алынған уақыты (күні, сағаты, минуты) |
Т.А.Ә., туған күні, жері, азаматтығы, |
Күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға телефон нөмірін қалдыруға тыйым салынатын үйқамақ түріндегі |
Шешім шығарған соттың атауы, судьяның, тергеу судьясының Т.А.Ә., қаулының шығарылған күні, нөмірі |
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының (соттың) атауы, тергеушінің, анықтаушының немесе сот ісін жүргізетін судьяның Т.А.Ә., телефон нөмірі |
СТБР бойынша қылмыстық істің нөмірі, ҚР ҚК бабы, істің қысқаша фабуласы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Үйқамақта болуының шарттары, жүктелген міндеттердің мазмұны |
Электрондық бақылау құралдарының қолданылғаны туралы белгі |
Қаулының қолданылу мерзімі аяқталатын күні |
Қадағалауды жүзеге асыратын қызметкердің лауазымы, Т.А.Ә., қолы |
Анықталған бұзушылықтар, ден қою шаралары қабылданды |
Есептен алып тасталғаны туралы белгі |
|
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Үйқамақ түріндегі бұлтартпау |
Үйқамақта отырған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға сауалнама парағы
4.
Жеке басын куәландыратын құжат_________________________________________
________________________________________________________________________________
5.
Тұрғылықты немесе тұратын жері ________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
6.
Кетуге тыйым салынатын түрғын үй, телефон нөмірі_________________________
________________________________________________________________________________
7.
Жұмыс, оқу орны_______________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
8.
Ерекше белгілері _________________________________________________________
________________________________________________________________________________
10.
Шешім шығарған соттың атауы, судьяның, тергеу судьясының Т.А.Ә., қаулының шығарылған күні, нөмірі
________________________________________________________________________________
11.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының (соттың) атауы, тергеушінің, анықтаушының немесе сот ісін жүргізетін судьяның Т.А.Ә., телефон нөмірі
________________________________________________________________________________
12.
СТБР бойынша қылмыстық істің нөмірі, ҚР ҚК бабы, қысқаша фабуласы
_______________________________________________________________________________________
13.
Үйқамақта болуының шарттары, жүктелген шектеулер
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
14.
Есепке алынған уақыты
_______________________________________________________________________________
15.
Бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулының қолданылу мерзімі аяқталатын күні
_______________________________________________________________________________________
Мерзімі ______________ дейін ұзартылды, негіздеме
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
16.
Үйқамақта ұстау шарттарының, жүктелген шектеулердің өзгеруі
_______________________________________________________________________________________
17.
Есептен алып тасталған күн, негіздеме
________________________________________________________________________________
хатты толтырған
___________________________________
___________________________________
(қолы)
___________________________________
(Т.А.Ә.)
_______________ 20__ ж.