Бұлтартпау шарасы ретінде кепіл және үйде қамап ұстау туралы Нұсқаулықтарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2005 жылғы 18 қазандағы N 56, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 қазандағы N 187, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 6 қазандағы N 590, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағысының 2005 жылғы 7 қазандағы N 214 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3947. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 564, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 86, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 290, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 394, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 4 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.08.2014 № 564, ҚР Бас Прокурорының 02.09.2014 № 86, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 04.09.2014 № 290, ҚР Қаржы министрінің 11.09.2014 № 394, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 12.09.2014 № 4 (2015.01.01 бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 63-тармағына сәйкес, бұлтартпау шарасын қабылдау және альтернативтік тұтқындау (кепіл, үйде қамап ұстау) тетігін толық реттеу мақсатында  БҰЙЫРАМЫЗ :
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолдану туралы Нұсқаулық;
      2) Бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап ұстауды қолдану туралы Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры
      2-дәрежелі мемлекеттік
      әділет кеңесшісі

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы
      генерал-лейтенант

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрінің
      міндетін атқарушы

      Қазақстан Республикасы
      Экономикалық қылмысқа және
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы
      күрес агенттігінің
      (қаржы полициясының) төрағасы

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының төрағасы

      2005 жылғы 9 қараша

Қазақстан Республикасы     
Бас Прокурорының       
2005 жылғы 18 қазандағы N 56   

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық қауіпсіздік      
комитеті төрағасының     
2005 жылғы 22 қазандағы N 187  

Қазақстан Республикасы     
Ішкі істер министрінің м.а.  
2005 жылғы 6 қазандағы N 590    

Қазақстан Республикасының   
Экономикалық қылмысқа және  
сыбайлас жемқорлыққа қарсы  
күрес агенттігі (қаржы    
полициясы) төрағасының    
2005 жылғы 7 қазандағы N 214   
бірлескен бұйрығымен     
бекітілген         

  Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану туралы
нұсқаулық

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық алдын ала тергеу және анықтау органдары бұлтартпау шарасы ретінде пайдаланатын кепілді қолданудың рәсімін нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
      Кепіл - күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін күдіктінің, айыпталушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитіне, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші орган қабылдайтын жылжымайтын мүлік пен басқа да бағалы заттар түрінде салатын ақшадан тұратын бұлтартпау шарасы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 148-бабының 1-бөлігі, 322-бабының 1-бөлігі (бұдан әрі - ҚІЖК)). Бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік прокурордың немесе соттың рұқсатымен кепіл ретінде алынуы мүмкін.
      Кепіл беруші - күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін күдікті, айыпталушы не басқа да кез-келген әрекетке қабілетті жеке немесе заңды тұлға салған кепіл. Бір немесе бірнеше адам кепіл беруші бола алады. Егер заңды тұлғаның бірнеше құрылтайшысы болса, онда әрбір құрылтайшыдан кепіл беру үшін жазбаша түрде келісім алынуы тиіс.
      Депозит - келу жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін ақша сомалары түсетін арнайы банктік есеп-шот.
      Ақша - сатып алу және сату кезінде құн өлшемі болып табылатын металл және қағаз белгілер.
      Құндылықтар - бұл бағалы заттар, құнды қағаздар, автокөлік құралдары мен өзге де мүлік, антиквариат және мәдени және өзге де құндылықтарды білдіретін басқа да заттар.
      Бағалы заттарға бағалы металдар мен асыл тастар, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдар жатады.
      Бағалы металдар - алтын, күміс, платина және кез-келген түрдегі және күйдегі платина тобының металдары.
      Асыл тастар - табиғи алмастар, зүбаржаттар, лағылдар, сапфирлер және кез-келген түрдегі және жағдайдағы басқа да асыл тастар.
      Құнды қағаздарға акциялар, облигациялар және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі мен басқа заңнамалық актілерде белгіленген басқа да құнды қағаздардың түрлері жатады.
      Жылжымайтын мүлік (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) - жер учаскелері, сондай-ақ жермен тығыз байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де мүлік, яғни көшіргенде оның мақсатына тең емес зиян келтірілмеуі мүмкін емес объектілер.

  2. Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану

      3. Бұлтартпау шарасы ретіндегі кепіл тек Қылмыстық іс жүргізу кодексінің  139-бабында көзделген процессуалдық негіздер болған кезде ғана қолданылады. Бұл ретте мынадай талаптарды сақтау қажет: қылмыстық іс қозғау туралы қаулы, осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеушінің, анықтаушының прокурор санкциялаған қаулысы не болмаса соттың шешімі; кепілді және кепіл туралы шарт қабылдау туралы  хаттамажасау.

      4. Кепіл күдіктіні ұстағаннан кейін қамауға алудың, үйде қамап ұстаудың немесе өзге де бұлтартпау шарасының орнына дербес қолданылуы мүмкін. Кепіл аса ауыр қылмыс жасаған айыпталушы адамдарға қатысты қолданылмайды.

      5. Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы (1-қосымша) шығарады.
      Қаулыда мыналар: оның толтырылған жері мен уақыты; қаулы шығарған адамның тегі мен лауазымы; күдікті немесе айыпталушы адамның қылмыс жасау жағдайлары; осы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы мен туған жері; азаматтығы; күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжат; қылмыстық істі қозғау күні мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы; ұсталған және айып тағылған күн; тағылған айыптың көлемі; кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіз болатын мән-жайлар; кепіл ретінде салынатын ақшалай сома не болмаса оның құнын және соттың депозитіне ақша салуды растайтын құжатқа сілтеме жасай отырып, мүлік тізбесі; күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу жөніндегі міндеттерін, сондай-ақ өзінің болатын жерін өзгерткен жағдайда хабарлау туралы түсіндіру; Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қаулы шығаруға негіз болған баптары көрсетіледі. Қаулыға оны толтырған адам, күдікті, айыпталушы және қатысқан жағдайда - олардың қорғаушысы тегі мен ордер номерін көрсетіп, қол қояды.
      Кепіл тек прокурордың санкциясымен немесе соттың шешімі бойынша қолданылады. Қылмыстық қудалау органы шығарған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы қылмыстық іс бойынша өндірістің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурор оны санкциялағаннан кейін күшіне енеді. Прокурор ҚІЖК 148-бабының 3-бөлігінде көрсетілген көлемнен төмен болмайтын басқа кепіл мөлшерін тағайындай отырып, тергеуші (анықтаушы) белгілеген кепіл сомасын өзгертуге, сондай-ақ қаулыны санкциялаудан бас тартуға құқылы. Кепілді таңдаған лауазымды адам бас тартқан жағдайда оны кепіл берушіге қайтару және кепілге алынған мүліктен барлық шектеулерді алу жөнінде шаралар қабылданады.
      Кепілді қолдану туралы қаулы қылмыстық істі жүргізіп жатқан органның кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналына (2-қосымша) тіркеледі.

      6. Ақша, бағалы заттар, жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепіл заты болып табылады.
      Алдын ала тергеу барысында бағалы заттарды немесе жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде салу туралы шешім тек прокурордың немесе соттың рұқсатымен қабылдануы мүмкін.
      Бағалы заттардың бағалылығы, түпнұсқасы және құны анықталса, бұл туралы кепіл беруші тиісті құжаттар ұсынса, олар кепіл заты болуы мүмкін.
      Түріне қарай құнды қағаздарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген әртүрлі талаптар қойылады. Міндетті деректемелерінің болмауы немесе белгіленген нысанға сәйкес келмеуі құнды қағаздың жарамсыздығына әкеп соғады. Құнды қағаздың құны бұлтартпау шарасын таңдаған кезде айқындалады.
      Кепіл ретіндегі мүлік егер осы мүлікпен мәміле жасасуға тыйым салынбаған болса және оны кепіл заты ретінде ұсынған адам осы мүлік оның меншік құқығында екендігін растайтын дәлелдемелерді (құжаттарды) ұсынған жағдайда ғана ресімделеді. Егер мүлік бірлескен меншікте болса, онда кепілді салуға мүліктің ортақ иелерінің жазбаша келісімін алу керек немесе кепіл берушінің пайдасына өз үлесінен жазбаша түрде бас тарту керек.
      Меншіктің ортақ иесінің кәмелетке толмаған балалары болған жағдайда пәтер немесе үй кепіл ретінде ұсыныла алмайды.
      Жылжымайтын мүлікпен айналысу тәртібін реттейтін қолданыстағы заңнамаға қарама-қайшы келмесе, кепіл ретінде өзге жылжымайтын мүлік ұсынылуы мүмкін.

      7. Егер кепіл ретінде ақша немесе бағалы заттар берілсе, сот депозитіне кепіл салуды куәландыратын түбіршек растау құжаты болып табылады.

      8. Кепіл мөлшері шағын ауырлықтағы қылмыс жасағандығын айыпталуы кезінде айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен; орта ауырлықтағы байқаусызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшерінен; орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс жасағандығына айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен; ауыр қылмыс жасағандығына айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен кем болмайды.
      Кепіл сомасын айыптаудың ауырлығын, күдіктінің, айыпталушының жеке басын, қызметін, тұрақты тұрғылықты жерінің бар-жоғын, кепіл берушінің отбасылық және мүліктік жағдайын, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды және басқаларды есепке ала отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдайтын адам анықтайды.

      9. Енгізілетін кепілдің бағалылығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдік мүліктің құнын айқындайтын құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес бағалау қызметімен айналысуға құқық беретін лицензиясы бар заңды тұлғалар сияқты жеке адамдар да бере алады.

      10. Қылмыстық процеске қатысушылар бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолдану туралы қолдаухатпен өтініш жасауға құқылы. Қолдаухатта кепілді бұлтартпау шарасы ретінде қолданудың пайдасына дәлелдемелерді көрсетуге болады. Қолдаухаттың мазмұны мен нысаны еркін түрде болады.
      Егер қолдаухатпен күдікті, айыпталушы өзі өтініш жасамаса, онда оның кепілді таңдауға жазбаша келісімі қажет. Келісім қолдаухатта қол қою түрінде болады не болмаса оның өтініші түрінде көрсетіледі.

      11. Кепіл берушіге, егер оның өзі сезікті, айыпталушы болмаса, оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын адамның айыбының мәні түсіндіріледі. Кепіл берушіге күдікті, айыпталушы шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда кепіл мемлекеттің кірісіне айналатындығы туралы ескертілгендігі атап өтілген хаттама жасалады (3-қосымша).

      12. Бұлтартпау шарасын таңдаған адам кепілді қабылдағаны туралы хаттама (4-қосымша) толтырады, онда хаттаманың толтырылған жері мен күні; хаттаманы толтырған адамның тегі мен лауазымы; күдіктінің немесе айыпталушы адамның жасаған қылмысы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы); осы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы; ҚІЖК 132-бабындағы тәртіппен ұстаудың күні және уақыты; күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу міндеттерін, сондай-ақ өзінің орын ауыстырған жағдайын хабарлау туралы түсіндіру; кепіл берушіге күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келуден бас тартқан жағдайда кепіл мемлекет кірісіне айналатындығын ескерту туралы; кепіл берушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы мен жылы; кепіл ретінде берілетін ақшалай сома мөлшері не болмаса оның құны мен соттың депозитіне ақша енгізілгенін растайтын құжаттары бар мүлік тізбесі көрсетіледі. Егер кепіл беруші заңды тұлға болса, хаттамада оның толық деректемелері мен өкілдері көрсетіледі. Хаттаманы кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам толтырады және осы адам күдікті, айыпталушы, оның қорғаушылары, сондай-ақ кепіл беруші (егер ол басқа адам болса) қол қояды.
      Кепілді қабылдау туралы хаттама екі данада толтырылады. Бірінші данасы қылмыстық іс материалдарына тігіледі, екінші данасы қолхат арқылы кепіл берушіге беріледі. Егер кепіл беруші бірнеше адам болса, онда лауазымды тұлға растаған хаттаманың көшірмесі олардың әрқайсысына беріледі.
      Хаттамадан басқа қылмыстық іске соттың депозитіне кепіл енгізу туралы құжат, кепіл ретінде алынған жылжымайтын мүлікке, автокөлік құралдарына және басқа да мүлікке құқық беретін нотариалды расталған құжаттар, олардың құнын растайтын құжаттар, сондай-ақ кепілді соттың сақтауына өткізуді растайтын құжаттар тігіледі.
      Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдаған орган кепіл берушінің еңбекке қабілетті екеніне көз жеткізу керек.

      13. Кепіл аумақтылығы бойынша соттың депозитіне енгізіледі. Кепіл енгізілген кезде сот тиісті құжат (кассалық кіріс ордері, төлем тапсырмасы) береді.
      Егер кепіл ретінде бағалы заттар енгізілсе, онда оларды сақтау нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 658 болып тіркелген, "Соттардың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау, сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық істері туралы істер бойынша құжаттарды, заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 12 қарашадағы N 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 1043ца, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 1998 жылғы 8 желтоқсандағы N 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 598, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 2 желтоқсандағы N 429, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы N 111 бірлескен бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес заттай дәлелдемелерді сақтау сияқты жүзеге асырылады.
      Аталған бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам кепіл ретінде жылжымайтын мүлікті немесе автокөлік құралын қабылдаған жағдайда олармен жасалған мәмілелер жасауды болдырмау мақсатында бұл туралы жоғарыда аталған кепіл заттары тіркелген органдарға дереу хабарлайды.

      14. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын қылмыстық істі қозғаған анықтау органы қандай да бір бұлтартпау шарасын таңдауға құқығы жоқ (ҚІЖК-нің 200-бабы).

      15. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау кезінде анықтау органының бастығы бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдау немесе басқаға өзгерту туралы анықтаушы шығарған қаулыны бекітеді. Анықтау жүргізудің мерзімін 10 тәуліктен астам мерзімге ұзарту кезінде күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қылмыстық іс қозғаумен бір мезгілде таңдалса, оның күші жойылуы не болмаса Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 288-бабының 2-бөлігінде белгіленген тәртіппен алдын ала тергеу өндірісі тағайындалуы тиіс.

      16. Егер адам қылмыс жасағаны үшін күдікті ретінде ұсталса, онда бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдау туралы қаулы қылмыстық істің материалдарын және кепілді енгізу мүмкіндігін растайтын құжаттарды қоса отырып (кепіл берушіде кепіл заттардың барлығын растайтын құжаттар), ұстау мерзімі аяқталғанға дейін 6 сағаттан кешіктірмей кепілді таңдау туралы қаулыны санкциялау туралы мәселені қарайтын прокурорға берілуі тиіс.

      17. Кепіл қамауға алудың немесе үйде қамап ұстаудың орнына прокурордың немесе соттың (ҚІЖК 150-бабының 9-бөлігі), сондай-ақ прокурор санкциялаған қаулы бойынша тергеуші мен анықтау органының шешімімен қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда күдікті, айыпталушы келісілген сома іс жүзінде соттың депозиттік шотына енгізілгенге дейін қамауда немесе үйде қамауда ұстауда қалады. Осыдан кейін прокурордың, соттың қаулысы атқарылуға беріледі.

      18. Ұсталған адамға (қамаудағы адамға) шоттан ақша қаражатын алу қажет болған жағдайда сенімхат ресімделеді.

      19. Қылмыстық қудалау органы қамауға алу немесе үйде қамап ұстау бұлтартпау шараларын кепілге ауыстырудан бас тартқан жағдайда күдікті, айыпталушы, олардың қорғаушысы немесе заңды өкілдері, сондай-ақ кепіл беруші ретінде іске қатысуға рұқсат берілмеген адам ҚІЖК-нің 110-бабында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

      20. Енгізілген кепіл бойынша міндеттемелер мерзімі кепіл түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған сәттен бастап ол жойылғанша немесе өзгергенге дейін істі алдын ала тергеудің және соттық қараудың барлық уақытына созылады.
      Егер күдікті, айыпталушы немесе айыпталушы болып табылмайтын кепіл беруші салынған ақшаны, мүлікті немесе бағалы заттарды қайтаруды талап етсе, қылмыстық процесті жүргізуші орган бұдан бас тартуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайда кепіл - бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ түрге өзгертілуі немесе басқа кепіл берушіге ресімделуі тиіс, бұл туралы күдіктіге, айыпталушыға түсіндіріледі.

      21. Егер кепіл беруші бірнеше адам болса және олардың біреуі қабылданған міндеттемеден бас тартса, онда бұлтартпау шарасын таңдау кезінде белгіленген сома міндеттемелерді орындауды қамтамасыз еткен жағдайда ғана азайтылуы мүмкін. Кепіл мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда жетпеген соманы басқа кепіл берушілер толықтыра алады не болмаса бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаң түрге өзгертіледі.
      Бұл шешімдердің барлығы сотқа дейінгі өндірісте ҚІЖК-нің 154-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші органның дәлелді қаулысы түрінде ресімделеді.

      22. Күдікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаң түрге өзгертіледі.
      Күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келмеген әрбір жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші орган мұның себептерін анықтауға және күдіктіні, айыпталушыны шақыру туралы тиісті хабарламаны растайтын құжаттарды (шақыру қағазын алғаны туралы қолхаттар, баянаттар және тағы басқалар) істің материалдарына қосуы керек.
      Кепілді неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасына өзгерту үшін шақыру бойынша келмеу жүйелі, яғни екі және одан да көп болуы тиіс. Әрбір келмеген жағдай туралы қылмыстық процесті жүргізуші орган бір тәулік мерзім ішінде кепіл берушіге хабарлауы және оған кепілдің мемлекет кірісіне берілу мүмкіндігі туралы түсіндіруі тиіс.
      Дәлелді себептер болған жағдайда (келу мүмкіндігінен айыратын ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, жаппай тәртіпсіздіктер, шақыру қағазын алмауы, белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен объективті түрде айыратын өзге де жағдайлар) күдіктінің, айыпталушының келмеуі бұлтартпау шарасын өзгерту үшін негіз ретінде қабылдануы мүмкін емес.
      Егер күдікті, айыпталушы өзінің тұрғылықты жерін хабарламай жасырынған және ол осындай себептермен келуден жалтарғаны туралы жеткілікті негіздер болған жағдайда бұлтартпау шарасын неғұрлым қатаң түрге өзгерту және оған іздестіру жариялау туралы мәселе қаралуы тиіс.
      Кепілді неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасына өзгерту туралы (үйде қамап ұстау, қамауға алу) қылмыстық процесті жүргізуші орган дәлелді қаулы шығарады, оны қылмыстық істің материалдарымен және күдіктінің, айыпталушының шақыру бойынша келуден жалтарғанын растайтын құжаттармен бірге осы бұлтартпау шарасын санкциялаған прокурорға дереу жібереді, ал сотталушыға қатысты шешімді сот қабылдайды.
      Прокурор осы шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексере отырып, сотқа кепілді мемлекет кірісіне жіберу туралы ұсыныс жасайды, бұл туралы кепіл берушіге хабарлайды. Егер бұлтартпау шарасын өзгерту туралы қабылданған шешім негізсіз және заңды бұза отырып қабылданса, прокурор өзінің қаулысымен оның күшін жояды. Мұндай жағдайларда кепіл өзгеріссіз қалады.
      Егер кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шешімді сот өзінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қабылдаса, онда кепілді мемлекет кірісіне беру туралы мәселені олар дербес қарайды, бұл туралы қаулы шығарады.

      23. Міндеттемелерді орындау кезінде кепіл ретінде енгізілген сома есебінен азаматтық талапты өтеу айыпталушының өзі кепіл беруші болып табылса ғана мүмкін болады.

      24. Күдікті, айыпталушы өзінің міндеттерін сақтаған жағдайда сот істі тоқтату туралы үкім немесе қаулы шығарған кезде кепілді кепіл берушіге қайтару туралы мәселені шешеді (ҚІЖК-нің 148-бабының 7-бөлігі).

      25. Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда кепіл ретіндегі бұлтартпау шарасының күші прокурор санкциялаған тиісті қаулымен жойылады. Бұл ретте осы шешімді қабылдаған лауазымды адам прокурор санкциялаған қаулыны қоса отырып, кепілді қайтару туралы сотқа жазбаша түрде хабарлама жібереді. Егер салынған мүлікке шектеулер болса, қылмыстық істі тоқтатқан орган оларды алу жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.
      Сот осы қаулыға сәйкес салынған мүлікті, сақтауға тапсырылған бағалы заттарды немесе депозитке салынған ақшаны береді. Кепілді кепіл берушіге қайтару туралы құжатты сот істің материалдарына тігу үшін анықтау немесе алдын алу тергеу органына жібереді.

                                       Бұлтартпау шарасы ретінде
                                        кепілді қолдану туралы
                                         нұсқаулыққа 1-қосымша

Айыпталушы, күдікті
_________________________________
    тегі, аты, әкесінің аты

қатысты бұлтартпау шарасы
КЕПІЛДІ қолдануға
САНКЦИЯ БЕРЕМІН
_______________________ прокуроры
қаланың, ауданның, облыстың атауы

___________________________________________________________________
                       кластық шен, тегі, аты-жөні

________________________ қолы
20__ жылғы "____"____________

                Бұлтартпау шарасын қолдану туралы
                             ҚАУЛЫ

20__ жылғы "____"______________                 ___________________
                                                  (толтыру орны)

__________________________________________ тергеушісі (анықтаушысы)
              органның атауы,
___________________________________________________________________
               лауазымды адамның атағы, тегі, аты-жөні

Азаматтығы: _______________________________________________________
Ұлты: _______________________ білімі ______________________________
Отбасы жағдайы: ___________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттар _________________________________
Тұрғылықты жері: __________________________________________________
Жұмыс орны: _______________________________________________________
Соттылығы: ________________________________________________________

айыптау жөніндегі N ___ қылмыстық істің материалдарын қарап
анықтадым:
___________________________________________________________________
       қылмыс жасауда тағылған айыптың (күдіктің) мәні және
___________________________________________________________________
           бұлтартпау шарасын қолдану негізі баяндалады

Баяндалған негізінде және ҚР ҚІЖК-інің 139-141148202 және 276-баптарын басшылыққа ала отырып,  қаулы етемін:

1. Айыпталушы _____________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері, азаматтығы)
__________________________________ қатысты кепіл ретінде бұлтартпау
шарасы қолданылсын.

2. _________________________________________________ түріндегі және
       (ақша, бағалы қағаздар немесе құндылықтар)
______________________ N _______________________________ депозиттік
   (органның атауы)
шотына енгізілуі тиіс _____________ мөлшеріндегі кепіл белгіленсін.
                      (сомасы, құны)

Тергеуші (анықтаушы)                           ____________________
                                                       қолы

Осы қаулының көшірмесі маған 20__ жылы "____"___________ тапсырылды
және ҚР ҚІЖК 31-бабының 1-бөліміне, 143-бабының 2, 3-бөлімдеріне
сәйкес ҚР ҚІЖК 103-бабында көзделген қабылданған шешімнің шағымдану
тәртібі түсіндірілді, сондай-ақ айыпталушыға (күдіктіге) осы
Кодекстің 148-бабында көзделген шаралардың алдын алу үшін
іс-әрекеттер жасалған жағдайда оған мейлінше қатаң шара
қолданылатыны түсіндірілді.

      Айыпталушы (күдікті) ______________ (__________________)
                                 қолы       тегі, аты-жөні

      Қорғаушы ____________ (________________) ордер N_____
                  қолы        тегі, аты-жөні

      Тергеуші (анықтаушы) ______________ (__________________)
                                 қолы       тегі, аты-жөні

                                       Бұлтартпау шарасы ретінде
                                        Кепілді қолдану туралы
                                         Нұсқаулыққа 2-қосымша

  Кепіл түріндегі бұлтартпау шараларын есепке алу журналы

N
р/р

Күдік-
тінің,
айыпта-
лушының
Т.А.Ә.

ҚК-
нің
бабы

Да-
тасы

Енгізілген кепіл түрі

Бұлта-
ртпау
шара-
лары-
ның
өзгер-
тілген
датасы

Кепіл
бо-
йынша
шешім

Іс
бо-
йынша
шешім

Мүлік,
құндылық (саны, бө-
лімшедегі
құжаттың
сақталу
орны,
шығыс N,
көліктің,
тұрғын
үйдің тір-
келуі және
т.б.)

Сот депо-
зитіне ен-
гізген ақ-
ша сомасы,
депозитке
берген ке-
піл туралы
құжат N,
датасы










                                          Бұлтартпау шарасы ретінде
                                        кепілді қолдану туралы
                                         нұсқаулыққа 3-қосымша

            Кепіл берушіге "Кепіл" бұлтартпау шарасын
            қолдану тәртібі мен жағдайларын түсіндіру
                            ХАТТАМАСЫ

20__ жылғы "____"______________                 ___________________
                                                     өткізу орны
___________________________________________________________________
________________________________________________________ тергеушісі
органның атауы, лауазымды адамның атағы, тегі, аты-жөні

Азамат ____________________________________________________________
              тегі, аты-жөні, не туралы және кімге қатысты

қолдау хатының негізінде ҚР ҚІЖК 102-бабын басшылыққа ала, ҚР ҚІЖК 148-бабының талаптарын сақтай отырып, кепіл беруші_________________
___________________________________________________________________
               тегі, аты-жөні, кепілді қолдану тәртібі,
_______________________________________________________ түсіндірдім
                 жағдайы түсіндіріледі

    ҚР ҚІЖК 203-бабының талаптарына сәйкес осы хаттаманы толтырдым.

    Бұл ретте кепіл беруші ________________________________________
                                кепіл берушінің тегі, аты-жөні,
___________________________________________________________________
(ақша, бағалы қағаздар немесе құндылықтар, оның мөлшері қандай
___________________________________________________________________
органның қандай депозитіне енгізіледі) түріндегі
___________________________________________________ түсіндірілді.
            кепілдің жағдайы баяндалады

Сондай-ақ кепіл беруші _______________________ айыпталушы (күдікті)
                           (тегі, аты-жөні)

________________ шақыру бойынша келуден бас тартқан жағдайда кепіл
мемлекеттің кірісіне айналады, ал бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаң
түрге өзгертіледі.
    "Кепіл" бұлтартпау шарасын қолдану тәртібі мен жағдайы маған
түсіндірілді.

Кепіл беруші                                    ___________________
                                                   тегі, аты-жөні
___________________________________________________________________
         Хаттама дауыстап оқылды, ескертулер, толықтырулар

Тергеуші __________________________________________________________
                    қолы                  тегі, аты-жөні

                                       Бұлтартпау шарасы ретінде
                                        кепілді қолдану туралы
                                         нұсқаулыққа 4-қосымша

                      Кепілді қабылдау туралы
                            ХАТТАМАСЫ

20__ жылғы "____"______________                 ___________________
                                                    толтыру орны

________________________________________________________ тергеушісі
  алдын ала тергеу немесе анықтау органның атауы
___________________________________________________________________
        тергеушінің (анықтаушының) атағы, тегі, аты-жөні
________________________________________________________ үй-жайында
                   (нақты қандай)
кепіл беруші ______________________________________________________
                                  (тегі, аты-жөні)

қатысуымен Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 132-бабындағы тәртіппен
200__ жылғы "___"______________ "____" сағат "___" минутта ұсталған
адам, айыпталушы (күдікті) ________________________________________
                                       (тегі, аты-жөні)
ҚР ҚК _________ көзделген қылмыс жасады деп ҚР ҚІКЖ-нің 203-бабына148-бабының 4-бөліміне сәйкес осы хаттаманы төмендегідей толтырдым:
Кепіл беруші ______________________________________________________
_________________________________________ мекен-жайы бойынша тұрады
паспортының (жеке куәлігінің) N ________, __________________ берген
___________________________________________________________________
        (банктің немесе өзге де несие беретін мекеменің атауы)
_____________________________________________________ кепіл ретінде
(сомасы, бағасы, жылжымалы және жылжымайтын мүліктің тізбесі)

айыпталушының (күдіктінің) келуін қамтамасыз етуге
___________________________________________________________________
                            органның атауы

N ________ депозит шотына енгізгені туралы ________жылғы "__"______
түбіртекті (мүлікті кепілге қабылдап алу туралы) 200__ "__"________
N ____ анықтаманы) ұсынды.

Кепіл беруші ______________________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты)         (айыпталушының
                                              (күдіктінің) тегі,
                                               аты, әкесінің аты)

қатысты аталған бұлтартпау шарасының таңдалуына байланысты айыптың
(күдіктің) мәні, сондай-ақ аталған бұлтартпау шарасымен байланысты
міндеттемелер мен оларды орындамау немесе бұзу салдарлары
түсіндірілді.

Кепіл беруші                                    ___________________
                                                      (қолы)

Айыпталушы (күдікті) ______________________________________________
                                   (тегі, аты-жөні)

тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерінен тергеушінің, прокурордың
немесе соттың рұқсатынсыз кетпеу, белгіленген мерзімде аталған
адамдардың шақыруы бойынша келу, өзге жолмен қылмыстық іс бойынша
өндіріске кедергі келтірмеу міндеттемелері түсіндірілді.

Айыпталушы (күдікті)                          _____________________
                                                      (қолы)

Кепіл беруші ______________________________________________________
                                   (тегі, аты-жөні)

және айыпталушы (күдікті) _________________________________________
                                   (тегі, аты-жөні)

аталған міндеттемелер орындалмаған жағдайда кепіл ҚР ҚІЖК 148-бабаның 6-бөлімінде белгіленген тәртіппен мемлекеттің кірісіне
айналатыны ескертілді.

Кепіл беруші                                    ___________________
                                                      (қолы)

Айыпталушы                                      ___________________
                                                      (қолы)

Хаттама оқылды ____________________________________________________
    (ескертулердің мазмұны не болмаса олардың жоқтығына нұсқаулар)

Кепіл беруші                                    ___________________
                                                      (қолы)

Айыпталушы (күдікті)                            ___________________
                                                      (қолы)

Өзге де қатысушы адамдар                        ___________________
                                                ___________________
                                                ___________________
                                                      (қолы)

Тергеуші                                        ___________________
                                                      (қолы)

Осы хаттаманың көшірмесін 20__ жылғы "____"__________ алдым.

Кепіл беруші                                    ___________________
                                                      (қолы)

Қазақстан Республикасы     
Бас Прокурорының       
2005 жылғы 18 қазандағы N 56   

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық қауіпсіздік      
комитеті төрағасының     
2005 жылғы 22 қазандағы N 187  

Қазақстан Республикасы     
Ішкі істер министрінің м.а.  
2005 жылғы 6 қазандағы N 590    

Қазақстан Республикасының   
Экономикалық қылмысқа және  
сыбайлас жемқорлыққа қарсы  
күрес агенттігі (қаржы    
полициясы) төрағасының    
2005 жылғы 7 қазандағы N 214   
бірлескен бұйрығымен     
бекітілген         

  Бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап
ұстауды қолдану туралы нұсқаулық

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық алдын ала тергеу және анықтау органдары бұлтартпау шарасы ретінде пайдаланатын үйде қамап ұстауды қолданудың рәсімін нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
      Үйде қамап ұстау - қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздер болған жағдайда прокурордың санкциясымен немесе соттың шешімімен күдікті мен айыпталушыға, оларды табиғи құқықтарын барынша қанағаттандыруға мүмкіндік беретін оқшаулау жағдайында қалдыра отырып, қолданылатын бұлтартпау шарасы.
      Тұрғын үй - күдікті, айыпталушы ұдайы немесе уақытша өзі, отбасымен немесе басқа да адамдармен бірге тұратын пәтер, үй немесе бөлме, жүзу жағдайында - каюта, сондай-ақ өзен немесе теңіз кемесі, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін орган таңдап алған өзге арнайы орын немесе үй-жай.
      Арнайы орын немесе үй-жай - бұл аурухана, клиника, пансионат, саяжай, өзге де орындар мен үй-жайлар.

  2. Бұлтартпау шарасы ретінде үйде
қамап ұстауды қолдану

      3. Үйде қамап ұстау күдіктінің, айыпталушының тиісті мінез-құлқын, сотта істі объективті тергеуге және талқылауға кедергі келтірудің алдын алуды, қылмыстық процесті жүргізуші органнан және соттан жасырынбауды, қылмыстық іс-әрекеттің алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (ҚІЖК) 139142149322-баптарында көзделген іс жүргізу негіздері болған жағдайда ғана қолданылады.

      4. Осы бұлтартпау шарасын таңдау кезінде қылмысы үшін шын жүректен өкінуі, соттылығының болмауы, жағымды мінездемесі, егде жасы немесе кәмелеттік жасқа толмауы, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, жас балаларының болуы және т.б. ескеріледі.

      5. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган Қазақстан Республикасының ҚІЖК 143-бабының 2-бөлігіне сәйкес бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы (1-қосымша) шығарады.
      Қаулыда оның жасалған орны мен уақыты; қаулыны шығарған адамның тегі және лауазымы; адам күдікті немесе айыпталушы болатын қылмыстың мән-жайлары; осы адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күні, айы, жылы; және туған жері; азаматтығы; күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаты; қылмыстық істің қозғалған күні және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы; ұсталған және айып тағылған күні; тағылған айыптың көлемі; бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап ұстауды таңдауға негіз болған мән-жайлар; тұтқындалған адамның бостандығына нақты шектеулер, белгіленген шектеулердің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі міндет жүктелген органның немесе лауазымды адамның деректері, оның негізінде қаулы шығарылған ҚІЖК-нің бабы көрсетілуі тиіс. Қаулыға оны толтырған адам, күдікті, айыпталушы олардың қорғаушылары тегін және ордердің нөмірін көрсете отырып, қол қояды.
      ҚІЖК-нің 149-бабының 1-бөлігіне сәйкес үйде қамап ұстау тек прокурордың санкциясы немесе соттың шешімі бойынша ҚІЖК-нің 150-бабында көзделген тәртіппен қолданылады. Бұл ретте адамды толық оқшаулау қажеттілігі болмаса немесе жасын, денсаулық жағдайын, отбасы жағдайын және басқа да жағдайларды ескере отырып, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдауға мүмкіндік беретін жағдайлардың бар-жоғы тексеріледі.
      Үйде қамап ұстауды қолдану туралы қаулы қылмыстық іс өндірісінде тұрған органның үйде қамап ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналында (2-қосымша) тіркеледі.

      6. Үйде қамап ұстауды қолданудың арнайы жағдайлары: тиісті субъектінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген жасқа жеткен ақыл-есі дұрыс жеке адам болуы; оның тұрғын үйінің бар болуы; субъектіге құқықтық шектеулер белгілеу; қамауға алынған адамның тұратын жерін күзету және оның мінез-құлқын қадағалау мүмкіндігі; қадағалауды жүзеге асыратын құзыретті орган немесе лауазымды адамның бар-жоғы; таңдап алынған бұлтартпау шарасының мәні мен қамауға алынған адамның тиісті мінез-құлқын бақылау қажеттігі туралы органның немесе лауазымды адамның хабарламасы; қылмыстық процесті жүргізуші органның субъектінің мүлкін (оның ішінде жануарларды) қамқорлыққа алу және қарау жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі; үйде қамап ұстауға тартылған адамға процессуалдық мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану мүмкіндігі (айдап жеткізу, лауазымынан уақытша шеттету, мүлікті пайдалануға тыйым салу және т.б.).
      Қажет болған жағдайда үйде қамап ұстау орнын қылмыстық істі жүргізуші орган айқындайды. Бұл аурухана, клиника, пансионат, саяжай, өзге де орындар мен жалға алынған үй-жайлар болуы мүмкін.

      7. Қылмыстық іс бойынша өндіріс уақытына туысқандары мен өзге де адамдар күдіктіге, айыпталушыға тұрғын үй беруіне болады. Туысқандары мен өзге де адамдар күдіктіге, айыпталушыға тұрғын үй берген жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші органға олардың, сондай-ақ олармен бірге тұратын кәмелетке толғандардың жазбаша түрдегі келісімі қажет.

      8. Күдіктінің, айыпталушының үйде қамауда болу кезеңінде оның тұрғылықты тұрмайтын жері бойынша тұрғын үйді жалға алу шарты жасалған жағдайда шартта жалға беруші мен жалға алушының құқықтары мен міндеттері; тұрғын үйді пайдаланудың мерзімдері мен ережелері; коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеу тәртібі; жалға алушының тұрғын үйді ұстау жауапкершілігі; шартты мерзімінен бұрын бұзу мәселелері қарастырылады. Жалға алушы тұрғын үйді жалға алудың негізгі мақсаты туралы жалға берушіні міндетті түрде ескертеді, бұл ретте қайта жалға беруге болмайды.

      9. Үйде қамауда ұстауды қолданудың процессуалдық тәртібі бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылдаудан; қаулы шығарудан және оны күдіктіге, айыпталушы мен қорғаушыға хабарлаудан; шешімді орындаудан тұрады. Қаулыда қамауға алынған адамға арналған шектеулермен қатар ҚІЖК-нің 235-237-баптарында көзделген тергеу әрекеттерін өткізудің, тұрғылықты жері бойынша күзет пен оның мінез-құлқын қадағалау орнатылуы мүмкін екендігі туралы күдіктінің, айыпталушының ескертілетінін көрсету қажет.

      10. Үйде қамап ұсталатын күдікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз белгілі бір адамдармен (олардың тізбесін қылмыстық қудалау органы белгілейді) қарым-қатынас жасай алмайды, хат-хабар ала алмайды және жібере алмайды, кез-келген байланыс құралдарын пайдалана отырып, сөйлесе алмайды, сондай-ақ тұрғын үйден қылмыстық қудалау органы белгілеген уақытта шыға алмайды.
      Қылмыстық процесті жүргізуші органның қалауы бойынша кездесулер қадағалауды жүзеге асыратын адамның қатысуымен немесе қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.

      11. Үйде қамап ұстауды қолданар алдында күдіктіде, айыпталушыда пайдалануға тыйым салынуы мүмкін байланыс құралдарының бар-жоғын анықтау керек. Хат-хабар алуға, жіберуге және байланыс құралдарын пайдалана отырып, сөйлесуге тыйым салынған жағдайда бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулыда хат-хабар мен байланыс құралдарының түрлері, тыйым салу мерзімі анық көрсетілуі керек.

      12. Күдіктіге, айыпталушыға белгіленген шектеулердің түрлерін олардың мақсатқа сай екендігін ескере отырып, қылмыстық процесті жүргізуші орган және сот белгілейді.

      13. Қылмыстық іс бойынша өндірістің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурор санкциялаған дәлелді қаулы бойынша қылмыстық процесті жүргізетін орган мынадай қажеттіліктер:
      1) жұмыс орнына немесе оқуға; азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажет заттар сатып алу үшін дүкендерге (базарларға); емханаға және дәріханаға бару;
      2) жақын туыстарының өміріне қауіп төндіретін қатты ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты олардың тұратын жеріне қысқа мерзімге бару;
      3) өзінің және туғандарының, туыстарының денсаулық жағдайларына байланысты хат-хабар жіберу және алу;
      4) стационарлық сөйлесу пункттерінде жеке басына, туған-туысқандарының денсаулығына байланысты халықаралық сөйлесулер кезінде ҚІЖК-нің 149-бабы 2-тармағында көзделген қамап ұсталатын адамға белгілі бір адамдармен қарым-қатынас жасауға, хат-хабар алуға және жөнелтуге, кез-келген байланыс құралдарын пайдалана отырып сөйлесуге тыйым салу бөлігіндегі шектеулерді, сондай-ақ тұрғын үйден шығуға шектеуді толықтай немесе жартылай алып тастауы мүмкін.
      Белгіленген шектеулерді сақталуын бақылауды жүзеге асыратын органның немесе лауазымды адамның өз бастамасы бойынша күдіктің, айыпталушының құқығына қысым жасайтын қосымша шектеулер белгілеуге құқығы жоқ.

      14. Таңдалған бұлтартпау шарасы қолданылатын кезеңде күдікті, айыпталушы белгіленген шектеулерді екі және одан көп рет бұзған жағдайда ол қатаңдау шараға өзгертілуі мүмкін. Бұл ретте үйде қамауда ұсталған адам белгіленген шектеулерді жүйелі түрде бұзғаны тиісті құжаттармен: тексерген адамның баянаты; куәгерлердің көрсетуімен расталған кез-келген мәліметтермен расталуы тиіс.
      Қылмыстық істі жүргізуші орган ҚІЖК-нің 154-бабына сәйкес бұлтартпау шарасын өзгерту туралы қаулы шығарады, онда күдіктінің, айыпталушының белгіленген шектеулерді орындамағаны туралы көрсетіледі және бұлтартпау шарасын қатаңдау шараға өзгерту үшін материалдар прокурорға жіберіледі.

      15. Үйде қамап ұстауды қолдану туралы қаулысымен бірге қылмыстық процесті жүргізуші органның ілеспе хаты ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік және қаржы полициясы органдарының кіріс құжаттары журналына тіркеледі және орындау үшін бастықтың бұрыштамасымен тиісті бөлімшелер мен қызмет басшыларына беріледі.

      16. Шектеулер мен қадағалау ережелерін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі туралы мәселелер туындаған жағдайда ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік және қаржы полициясы органдарының бастығы (бастықтың орынбасары) тергеушіге, прокурорға, сотқа тиісті сұрау салады. Бұл ретте қадағалауды жүзеге асыру тоқтатылмайды.

      17. Кәмелетке толмаған адамға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияға мәлімет үшін жіберіледі.

      18. Шектеулер мен қадағалау, сондай-ақ күзет ережелері белгіленгеннен кейін тиісті қызмет бастығы (бастықтың орынбасары) бұл туралы анықтау органының бастығына баянатпен мәлімдейді.

      19. Ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік және қаржы полициясы органының бастығы бұлтартпау шарасын таңдаған органға қаулыны орындау үшін қабылдағаны туралы хабарлайды.

      20. Анықтау органы жұмысын, оқуын немесе емделуін жалғастырумен байланысты шектеу жүктелген адамдар туралы ұйымдардың, оқу орындарының және тиісті емдеу мекемелерінің әкімшіліктеріне хабарлама жібереді.

      21. Осы Нұсқаулықтың 19, 20-тармақтарында көрсетілген құжаттар аталған адамдарды есепке қойғаннан кейін үш күн мерзім ішінде адресатқа жіберіледі.

      22. Айыпталушыны қадағалауды жүзеге асыратын анықтау органының лауазымды адамдары қамаудағы адамның мінез-құлқын және белгіленген шектеулердің орындалуын бақылау мақсатында оның тұрғын үйіне тәуліктің кез-келген мезгілінде келуге құқылы. Бұл ретте қадағалауды тиісті түрде жүзеге асырмағаны үшін олар Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тартылады.

                                       Бұлтартпау шарасы ретінде
                                       үйде қамап ұстауды қолдану
                                      туралы нұсқаулыққа 1-қосымша

Айыпталушы ____________ қатысты
"Үйде қамап ұстау" бұлтартпау
шарасын "санкциялаймын"
Прокурор ______________________
    (қала, аудан, облыс атауы)
_______________________________
(тегі, аты-жөні, кластық чині)
________________________
_______________________________
20__ жылғы "____"______________

      м.о.

                Бұлтартпау шарасын қолдану туралы
                             ҚАУЛЫ

20__ жылғы "____"______________                 ___________________
                                                  (толтырған орны)

Тергеуші (анықтаушы) ______________________________________________
            (органның атауы, лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні)
___________________________________________________________________
N ___ қылмыстық іс бойынша айыпталушы:
Тегі, аты, әкесінің аты: __________________________________________
Туған күні, айы және жылы __________________ Туған жері ___________
___________________________________________________________________
Азаматтығы ________________________________________________________
Ұлты ________________________ білімі ______________________________
Отбасы жағдайы ____________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттар _________________________________
Тұрғылықты жері ___________________________________________________
Жұмыс орны ________________________________________________________
Соттылығы _________________________________________________________
материалдарын қарап

                              анықтадым:

___________________________________________________________________
       (қылмыстың(тардың) жасалуына тағылған айыптың (күдіктің)
___________________________________________________________________
           мәні және осы бұлтартпау шарасын қолдану негізі)

Баяндалған негізінде және ҚР ҚІЖК-інің 139-141143 және 149-баптарын басшылыққа ала отырып

                             қаулы етемін:

1. Айыпталушы, күдікті ____________________________________________
                           тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы
___________________________________________________________________
қатысты ___________________________________________________________
бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап ұстау қолдансын.

2. Айыпталушыға, күдіктіге ________________________________________
                                   тегі, аты, әкесінің аты
____________________________ ______________________________________
мынадай шектеулер қойылсын: _______________________________________
   (ҚР ҚІЖК 149-бабының 2-бөлігінде белгіленген шектеулер тізбесі)

3. Белгіленген шектеулердің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру ____
________________________________________________________ жүктелсін.
  (органның атауы, лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні)

      Қаулы 20__ жылы "____"__________ маған жарияланды және
ҚР ҚІЖК 31-бабының 1-бөлігіне және 143-баптың 2, 3-бөліктеріне
сәйкес ҚР ҚІЖК 110-бабында көрсетілген қабылданған шешімге
наразылық жасау тәртібі, сондай-ақ, егер осы іс-әрекеттің алдын алу
үшін Кодекстің 149-бабында көзделген шаралар қолданған жағдайда
іс-әрекеттер жасалса, айыпталушыға (күдіктіге) қатаң шаралар
қолданылатындығы түсіндірілді.

      Айыпталушы (күдікті) ______________(__________________)
                                 қолы       тегі, аты-жөні

      Қорғаушы ____________(________________) ордердің N_____
                  қолы        тегі, аты-жөні

      Тергеуші (анықтаушы) ______________(__________________)
                                 қолы       тегі, аты-жөні

                                       Бұлтартпау шарасы ретінде
                                       үйде қамап ұстауды қолдану
                                      туралы нұсқаулыққа 2-қосымша

          Бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап
                ұстауды есепке алу журналы

N
р/р

Күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты

ҚК-
бабы

Таңдап алынған күні

Белгі-
ленген
шек-
теулер

Бұлтартпау шарасын өзгерту күні

Іс бойынша қабылданған шешім















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады