Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы | Г. Елеуова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Турлыбаев |
КЕЛІСІЛДІ: Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары |
С.НҰРҚАТОВА |
Байғанин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 110 шешімімен бекітілген |
Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидалары
1. Осы Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1 тармағының 24) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына (бұдан әрi - Үлгiлiк қағидалар) сәйкес әзiрленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия - өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Байғанин ауданы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi - Ақтөбе облысының статистика органы есептейтiн мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4) мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмiрлiк қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
8) уәкiлеттi ұйым - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Байғанин аудандық филиалы;
9) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн Байғанин ауданы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
10) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
3. Осы Қағидалар Байғанин ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
4. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Үлігілік қағидалармен және осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте әлеуметтік көмек беріледі.
5. Әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi - алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiніледі.
6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
7. Әлеуметтiк көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерiнiң тiзбесі:
9 мамыр - Жеңіс күні;
1 маусым – Халықаралық балалар күні;
қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.
2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесi және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi
8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табысын есепке алмай көрсетіледі:1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік тұрмыстық қажеттілігіне, айына 8 000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде;
2) үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек балаға, айына 1 (бір) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
3) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 10 айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде, "Байғанин орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі бойынша амбулаториялық ем алу кезінде 6 айдан аспайтын мерзімге;
Ескерту. 8 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 09.06.2015 № 177 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табысы есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға,50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
4) мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға, 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
5) мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;
6) қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;
7) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күніне орай, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
8) 18 жасқа дейінгі балаларына атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған отбасыларға 1 маусым - Халықаралық балалар күніне орай, 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде.
10. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, 150 000 (жүз елу мың) теңгеге дейінгі мөлшерінде;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейін мөлшерінде;
4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі мөлшерінде;
5) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың ) теңгеге дейінгі мөлшерінде;
6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, 50 000 (елу мың) теңгеге дейінгі мөлшерінде;
7) көп балалы отбасыларға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі мөлшерінде;
8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі мөлшерінде;
9) аз қамтылған азаматтарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі мөлшерінде;
10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын науқастарға, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі мөлшерінде.
Әлеуметтік көмек жоғарыда аталған тұлғаларға толық мемлекеттің қамтамасыз етуінде болмаған жағдайда көрсетіледі.
11. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) Байғанин аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
12. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:
өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.
13. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда).
14. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
15. Осы Қағидалар күшіне енгенге дейін, оны алған Қағидалардың 8 тармағында көрсетілген тұлғаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі. Жаңадан жолыққан өтініш иелері өтінішпен қоса мынадай құжаттарды тапсырады:1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) өтініш иесінің әлеуметтік мәртебесін анықтайтын құжатты;
3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
4) мүгедек баланың үйде оқытылатынын растайтын құжатты (мүгедек балалар үшін);
5) психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңестің қорытындысы (мүгедек балалар үшін).
16. Отбасында екі және одан да көп, коммуналдық қызметтерді төлеу үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек алу құқығы бар тұлғалар болғанда әлеуметтік көмек отбасындағы мүшесінің біреуіне олардың қалауы бойынша көрсетіледі.
17. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек Қағиданың 9 тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға алушылардан өтiнiштер талап етiлмей Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың не өзге де ұйымдардың ұсынысы бойынша ауданның әкімдігі бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.
Ескерту. 17 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 09.06.2015 № 177 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек осы Қағида күшіне енгенге дейін оны алған Қағиданың 9 тармағының 8) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға алушылардан өтініштер талап етілмей "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша аудандық әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі. Жаңадан жолыққан өтініш иелері өтінішпен қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) өтініш иесінің әлеуметтік мәртебесін анықтайтын құжатты;
3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты.
Ескерту. 18 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 09.06.2015 № 177 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
19. Азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқығы болғанда әртүрлі атаулы күндер мен мереке күндерi әлеуметтік көмек түрінің біреуі көрсетіледі (мөлшер бойынша жоғарысы).
20. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе қала, кент, ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаты;
3)Үлгiлiк қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және (немесе) құжатты ұсынады.
21. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
22. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
23. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Үлгiлiк қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе қала, кент, ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
Қала, кент, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
24. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
25. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
26. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
27. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
28. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы қағидалардың 24 және 25 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе қала, кент, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
29. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
30. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
31. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Байғанин аудандық мәслихат белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
32. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
33. Әлеуметтiк көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Байғанин ауданынан тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
34. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.