Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 19 ақпандағы № 110 "Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3795 санымен тіркелген, 2014 жылы 13 наурызда "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
8 тармақтың 3) тармақшасында:
"медициналық мекемелердің" сөздері "Байғанин орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының" сөздерімен;
17 тармақта:
"9 тармағының 1)-5) тармақшаларында" сөздері "9 тармағының 1)-7) тармақшаларында" сөздерімен ауыстырылсын;
18 тармақта:
"9 тармағының 6) тармақшасында" сөздері "9 тармағының 8) тармақшасында" сөзерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Елеуова |
Мәслихат хатшысы | Б. Турлыбаев |