Ескерту. Деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша орыс тілінде "Ащинского" сөзі "Ащынского" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Ащы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ащы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 10 "Ащы селолық округінің көшелеріне атау беру" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-127 тіркелген, 2011 жылғы 13 қарашадағы "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын, шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ащы ауылдық округі әкімі | С.Жұбан |