Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөзі тиісінше "ауылдық" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 03.11.2014 № 5 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 27.02.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қазақ тіліндегі деректемелерінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 27.02.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша орыс тілінде "Ащинского" сөзі "Ащынского" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Байғанин ауданы Ащы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Ащы ауылдық округінің Ноғайты ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Теріскей
2) Достық
3) Орталық
4) Бірлік
5) Ынтымақ
6) Бейбітшілік
7) Жағалау
8) Мұнара
9) Теміржол
10) Ақ-бұлақ
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 27.02.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ащы ауылдық округі әкімі | С. Жұбан |