Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Қопа селолық округі әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 10 "Қопа селолық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-133 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы "Жем-Сағыз" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Қопа ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) атаулар беру туралы";
шешімнің мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын, шешімнің орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | М.Байтақ |