Қопа ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 қарашада № 3-4-133 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 25.11.2014 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 25.11.2014 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 20.04.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қопа ауылдық округінің құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) келесі атаулары берілсін;

      1) Қызылсай

      2) Шолақсай

      3) Байтілеу

      4) Ақмола

      5) Сарбас

      6) № 239 разъезд

      7) Егіндісай

      8) Қоңырсай – 1

      9) Қоңырсай – 2

      10) Ақкүб

      11) Шибұлақ

      12) Ебейті

      13) Нүркебай

      14) Терекбай

      15) Үшбұлақ

      16) Қарлыкемер

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қопа ауылдық округінің әкімі м.а. Т.Муханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады