РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атаулы және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Ай сайын:
1)-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне коммуналдық қызметтердi төлеу үшiн сегiз мың теңге көлемiнде қаржылай әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн;
2)-"Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған тiзiмдерге сәйкес үйден оқытылатын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларға бір айлық есептік көрсеткіш көлемiнде қаржылай әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн;
3) онкологиялық аурулардан зардап шеккен азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, "Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ырғыз орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тізімі бойынша амбулаториялық ем алу кезінде алты айдан аспайтын мерзімге он айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрсетілсін;
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 20.05.2015 № 184 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: | Ж. СҮЛЕЙМЕНОВ |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | К. ҚОСАЯҚОВ |
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134 шешіміне қосымша |
Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерлері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 30.10.2015 № 212 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Келесі санаттарға:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерiнде;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 9 мамыр- Жеңіс күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 15 мың теңге мөлшерiнде;
Мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
Ауған соғысында қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
18 жасқа дейінгі балаларына атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға 1 маусым - Халықаралық балалар күніне орай 20 мың теңге мөлшерiнде.
2. Азаматтардың кейбір санаттары біржолғы әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқылы болған жағдайда, (статусына сәйкес) әр түрлі атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің тек бір түрі (мөлшері бойынша ең жоғары) көрсетіледі.
3. Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты "Қазпошта" акционерлік қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының Ырғыз аудандық почта байланыс торабы арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.