"Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 184 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 маусымда № 4357 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 225 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 225 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134 "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3856 тіркелген, 2014 жылы 29 сәуірде "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2 тармақта;
      2) тармақшасындағы "аудандық білім бөлімі" деген сөздер "Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі";
      3) тармақшасындағы "медициналық мекемелердің" деген сөздер "Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ырғыз орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны" деген сөздерімен алмастырылсын.
       Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы
Аудандық мәслихаттың хатшысы
      В. МАШИНА К. ҚОСАЯҚОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады