Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қобда аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 91 ұсынысының негізінде Бегалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бегалы ауылдық округінің Калиновка ауылы аумағында ірі мүйізді мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруының ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күні қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Ю. Утянов |