"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Бегалы ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 9 шешімі

      РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес, "Қобда аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2015 жылғы 29 қазандағы № 230 "Шектеу іс шараларын тоқтату туралы" ұсынысы негізінде, Бегалы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қобда ауданының Бегалы ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 4 "Шектеу іс-шаралары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3914 болып енгізілгн, 2014 жылғы 25 мамырда "Қобда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Бегалы ауылдық округінің әкімі Утянов Ю.М

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады