Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 102 "Әлеуметтік көмек көрсетудің және Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3745, 2014 жылғы 6 ақпанда "Мәртөк тынысы" газетінің № 7-9 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
3 тармақта "енгізіледі" деген сөзден кейін "және 2014 жылғы 1 қаңтардан басталған құқықтық қатынастарға колданылады" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Б. Қазанбаев |
Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы | А. Смағұлов |