Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 100 "Мәртөк ауданына жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3744, 2014 жылғы 6 ақпанда "Мәртөк тынысы" газетінің № 7-9 жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақта 1 абзац жаңа редакцияда жазылсын "Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы | М. Ермуханов |
Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы | А. Смағұлов |