Мәртөк ауданына жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 100 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қаңтарда № 3744 болып тіркелді. 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысының 2, 3 тармақтарына және жоғарыда бекітілген Ереженің 2 тармағына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 17.04.2014 № 122 шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі, кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 % мөлшерінде белгіленеді.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы Б. Казанбаев
      Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы А. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады