Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 30 «Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Көтібар батыр ауылының көше атауын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-136 болып тіркелген, 2011 жылғы 23 ақпанда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«О переименовании улицы села Көтібар батыр Аккемирского сельского округа Мугалжарского района»;
орыс тіліндегі шешімнің кіріспе бөліміндегі «аульного» сөзі «сельского» сөзімен ауыстырылсын.
2.
Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкемер ауылдық округінің әкімі |
Т.Өтемұратов |