Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі кіріспе бөліміндегі "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 28.11.2014 № 36 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес және Көтібар батыр ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 14.03.2017 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Көтібар батыр ауылының "Школьная" көшесі "Достық" көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкемер ауылдық округі әкімі | Ә.Қ.Қалмұрзаев |