1. Мұғалжар ауылы әкімінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 6 «Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосындағы көшелер атауларын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-125 тіркелген, 2010 жылғы 2 маусымында аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «селосындағы», «селосы», «селосының» сөздері «ауылындағы», «ауылы», «ауылының» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауылының әкімі | Ғ. Дәрімбетов |