Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылындағы көшелер атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 6 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 мамырда № 3-9-125 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "селосындағы", "селосы", "селосының" сөздері "ауылындағы", "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімінің 20.10.2014 № 18 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Мұғалжар ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауылының: "Почтовая" көшесі "Наурыз" көшесіне, "Солнечная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне, "Молодежная" көшесі "Жастар" көшесіне, "Заречная" көшесі "Тасбұлақ" көшесіне өзгертілсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауылының әкімі Г.Н. Даримбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады