Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Темір ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Темір ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Мұңайтбасовқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Б.Қаниев |
Темір ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 194 қаулысына қосымша |
Темір ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар
№ | Атауы | Сауда орындары |
Ақсай ауылдық округі | ||
1 | Ақсай ауылы | Төсбұлақ көшесі (ауылдық Мәдениет үйінің қасында) |
Қайыңды ауылдық округі | ||
2 | Құмқұдық ауылы | Мектеп көшесі (ауылдық Мәдениет үйінің қасында) |
3 | Бабатай ауылы | Жиеналы хазірет көшесі (ауылдық медициналық пункттің қасында) |
4 | Шибұлақ ауылы | Бұлақты көшесі (№ 5 үйдің қасында) |
Кеңкияк ауылдық округі | ||
5 | Кеңқияқ ауылы | Парк көшесі ("Ақбота" бала-бақшасының қасында) |
Шұбарши ауылдық округі | ||
6 | Шұбарши кенті | Геолог көшесі ("Жұмагүл" дүкенінің қасында) |
Шұбарқұдық ауылдық округі | ||
7 | Шұбарқұдық кенті | Асау-барақ көшесі ("Наурыз" дүкенінің қасында) |
8 | Шұбарқұдық кенті | Привокзальная көшесі (Теміржол вокзалының қасында) |