Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 - қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 20 қарашадағы № 14-01/256 ұсынысы негізінде Саркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Саркөл ауылдық округінің Боктыгарын қыстағында орналасқан "Саламат" шаруа қожалығында ірі қара малдарының арасында құтырма ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саркөл ауылдық округінің әкімі | К.У.Шалманов |