Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 20 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 желтоқсанда № 4090 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылдық округі әкімінің 20.01.2015 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 - қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 20 қарашадағы № 14-01/256 ұсынысы негізінде Саркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Саркөл ауылдық округінің Боктыгарын қыстағында орналасқан "Саламат" шаруа қожалығында ірі қара малдарының арасында құтырма ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Саркөл ауылдық округінің әкімі К.У.Шалманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады